Оқиға

Екібастұзда билеті жоқ жолаушы кесірінен кондуктор мен бақылаушы төбелесті

© Sputnik / Абзал КалиевТөбелес, бойжеткен
Төбелес, бойжеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Кондуктор медициналық көмекке жүгінді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды
ПАВЛОДАР, 6 мамыр – Sputnik.Екібастұзда қалалық автобуста кондуктор мен бақылаушы арасында жанжал шықты, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2 мамырда полицияға автобуста болған оқиға туралы хабар келіп түскен. Учаскелік полиция инспекторы анықтағандай, маршруттық автобустың бірінде жол ақысын төлемеген жолаушы анықталған. Оның абонементі болмаған.
Осыған байланысты 56 жастағы кондуктор мен 36 жастағы бақылаушы арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Салдарынан кондуктор ауруханаға медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
Виды города Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Өңірлер
Қарағандыда кондуктор жолаушыларға пышақпен тап берді – видео
Жаңалықтар
0