Оқиға

Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Табылды КадырбековБетін жауып отырған қыз
Бетін жауып отырған қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Алматыда 2006 жылы туған мектеп оқушысы 4 мамырға қараған түні үйдің ауласында өз-өзіне қол салды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Суицидтің себебі анықталып жатыр
АЛМАТЫ, 6 мамыр — Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті 15 жастағы оқушы қыздың өз-өзіне қол салуы бойынша тергеу шараларын бастады. Оның денесі Медеу ауданындағы үйдің ауласынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
15 жастағы қыздың өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Артынан қалалық полиция депаратменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.
"Бұл оқиға 4 мамырға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданында болған. 2006 жылы туған А. есімде қыз өз-өзіне қол салды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді полицейлер.
Тергеу кезінде суицидтің себептері анықталады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпарат бойынша оқушы қыз республикалық физика-математика мектебінде білім алған.
Жаңалықтар
0