Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден берілді

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Сонымен қатар 9370 тыл еңбеккері мен 455 ардагердің жесірі 50 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек алды
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай қаланың барлық ардагері 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем алды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде Алматыда 75 ардагер тұрып жатыр. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1592 тұрғынға және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрысқа қатысқан 2870 ардагерге 100 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді.
Жеңіс күніне орай төлем алушылар тізіміне соғыс кезінде тылдағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған 9370 тыл еңбеккері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 455 жесірі кірді. Олар үшін бір реттік материалдық көмек мөлшері 50 мың теңгені құрады.
Жеңіс күніне орай материалдық көмек Алматы қаласының әкімдігі бекіткен тізімдер бойынша өтініштер талап етілмей төленді. Барлығы 14 362 адам төлем алды.
Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін біржолғы төлем сомасы екі есеге – 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Осыдан соң мәслихат депутаттары Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясында қала басшысының ұсынысын қолдады.
Жаңалықтар
0