Әлихан Смайылов ғасыр жасаған ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

© Photo : Скриншот видео100-летнюю ветерана войны поздравил премьер министр с Днем Победы в Петропавловске
100-летнюю ветерана войны поздравил премьер министр с Днем Победы в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Валентина Волкодав 1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, 1-ші Беларусь және 1-ші Украина майдандарында сержант атағында қызмет етті
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жақында 100 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Волкодавпен кездесіп, оны алдағы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Сіз – аты аңызға айналған жеңімпаздардың бірісіз. Табандылық, қайсарлық пен өр рухтың арқасында Сіз адамзаттың баға жетпес құндылығы – еркіндікті қорғап қалдыңыз. Бүгінде қазақстандықтар бейбіт аспан астында еңбек етіп, жетістіктеріне қуанып, болашағына зор сеніммен қарай алады. Мұның бәріне Ұлы Жеңіс қаһармандарының, соның ішінде Сіздің арқаңызда қол жеткізілді", – деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр біздің міндетіміз – өскелең ұрпақты жоғары патриоттық құндылықтарға тәрбиелеу екенін атап өтті.
"Сізді құттықтай отырып, Ұлы Отан соғысының барлық батырына құрмет көрсетемін. Зор денсаулық пен сарқылмас күш-қуат тілеймін! Сіздің өнегелі өмір жолыңыз бен ғибратты ғұмырыңыз жастарымызға үлгі болсын", — деп түйіндеді үкімет басшысы.
Валентина Волкодав 1922 жылы 22 наурызда дүниеге келген. 1941 жылғы 1 қазанда Қызыл әскер қатарына шақырылып, 1945 жылғы 20 қазанда жауынгерлік жолын аяқтады. 1-ші Беларусь және 1-ші Украина майдандарында сержант атағында қызмет етті.
Валентина Архиповна — 2-дәрежелі Отан соғысы орденінің, "Варшаваны азат еткені үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Еңбек ардагері" және басқа да медальдардың иегері. 1962 жылдан бастап Целиноградтағы керамика зауытында бухгалтер болып жұмыс істеді, ал 1992 жылдан бастап Петропавлда тұрады. Зейнеткердің төрт немересі және үш шөбересі бар.
Жаңалықтар
0