https://sputnik.kz/20220505/zhurgizushi-kualigi-emtikhan-24652222.html
Жүргізуші куәлігін алғысы келетін қазақстандықтар алдымен "пробный" емтихан тапсырады
Жүргізуші куәлігін алғысы келетін қазақстандықтар алдымен "пробный" емтихан тапсырады
Sputnik Қазақстан
Теориялық емтихан тапсыратындар үшін арнайы биометриялық жүйе енгізілген 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T10:57+0500
2022-05-05T10:57+0500
2022-05-05T10:57+0500
қоғам
жүргізуші куәлігі
тест
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8abc13dae3cce733dde1a617a765a822.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда автомектептердің жауапкершілігін күшейтіп, болашақ жүргізушілер үшін байқау емтихандарын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, жүргізуші куәлігін алғысы келетін қазақстандықтардың дайындық сапасын күшейту керек. Бұл бағытта "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатыр. Ол жемқорлық фактілерін болдырмас үшін мамандандырылған ХҚКО-лар жаңғыртылып жатқанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, теориялық емтихан тапсыратындар үшін арнайы биометриялық жүйе енгізілген. Басқарма төрағасының айтуынша, биометриялық идентификация енгізілген сәттен бері алғаш рет жүргізуші куәлігін алғандар саны республика бойынша 58%-ке қысқарған. Мысалы, былтыр бірінші тоқсанда 36 563 мың адам жүргізуші құжатын алса, биыл небәрі 15 220 адам. "Сіздер білесіздер, жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық емтихан, содан кейін практикалық емтихан тапсыру қажет. Біз қазір автодром паркін жаңартып жатырмыз. Енді кішігірім апат болған күннің өзінде автокөлік курсант емтиханды тапсырда ма, жоқ па, оны дұрыс көрсетеді. Өйткені жаңа автодромдар GPS арқылы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 14 мамандандырылған ХҚКО жаңғыртылған", - деді Әбділдин. Оның айтуынша, жүргізуші куәлігін беру процедурасының қатаңдатылуы мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті көбейтеді. Себебі бірінші емтиханнан сүрінген курсанттар сынақтан сәтті өткенше, орталыққа бірнеше рет келеді. Сол себепті мамандандырылған ХҚКО-ларға жүктемені азайту үшін өңірлерде қосымша орталықтар ашу жұмысы жүріп жатыр. Мәселен, болашақта Түркістан қаласында, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мамандандырылған ХҚКО ашылады. Әбділдин Жаңаөзен мен Арқалықта мамандандырылған ХҚКО-лар ашылғанын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_bb0ae9c864b16a9d6d03663ea984e992.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі, тест
Жүргізуші куәлігін алғысы келетін қазақстандықтар алдымен "пробный" емтихан тапсырады
Теориялық емтихан тапсыратындар үшін арнайы биометриялық жүйе енгізілген
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда автомектептердің жауапкершілігін күшейтіп, болашақ жүргізушілер үшін байқау емтихандарын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, жүргізуші куәлігін алғысы келетін қазақстандықтардың дайындық сапасын күшейту керек. Бұл бағытта "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатыр.
"Біз ішкі істер министрлігіне курсанттарды оқытатын автомектептердің жауапкершілігін күшейтуді және байқау емтиханын ұйымдастыруды ұсындық. Яғни, адамдар үйде теориялық және практикалық емтиханға дайындалып, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына дайын болып келеді", - деді Әбділдин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол жемқорлық фактілерін болдырмас үшін мамандандырылған ХҚКО-лар жаңғыртылып жатқанын атап өтті.
Дәлірек айтқанда, теориялық емтихан тапсыратындар үшін арнайы биометриялық жүйе енгізілген.
Басқарма төрағасының айтуынша, биометриялық идентификация енгізілген сәттен бері алғаш рет жүргізуші куәлігін алғандар саны республика бойынша 58%-ке қысқарған. Мысалы, былтыр бірінші тоқсанда 36 563 мың адам жүргізуші құжатын алса, биыл небәрі 15 220 адам.
"Сіздер білесіздер, жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық емтихан, содан кейін практикалық емтихан тапсыру қажет. Біз қазір автодром паркін жаңартып жатырмыз. Енді кішігірім апат болған күннің өзінде автокөлік курсант емтиханды тапсырда ма, жоқ па, оны дұрыс көрсетеді. Өйткені жаңа автодромдар GPS арқылы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 14 мамандандырылған ХҚКО жаңғыртылған", - деді Әбділдин.
Оның айтуынша, жүргізуші куәлігін беру процедурасының қатаңдатылуы мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті көбейтеді.
Себебі бірінші емтиханнан сүрінген курсанттар сынақтан сәтті өткенше, орталыққа бірнеше рет келеді.
Сол себепті мамандандырылған ХҚКО-ларға жүктемені азайту үшін өңірлерде қосымша орталықтар ашу жұмысы жүріп жатыр.
Мәселен, болашақта Түркістан қаласында, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мамандандырылған ХҚКО ашылады.
Әбділдин Жаңаөзен мен Арқалықта мамандандырылған ХҚКО-лар ашылғанын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.