Қоғам

Жаңа сенатор жұмысына кірісті

© Sputnik / Владислав Водневсенат
сенат - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Сенаттағылар оның өтінішін бірауыздан қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Сенаттың жаңадан тіркелген депутаты Жанболат Жөргенбаев ресми түрде жұмысына кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаттың бүгінгі отырысына Жанболат Әкебайұлы ант қабылдады.
Депутат аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне кіруге өтініш білдірді.
Сенаттағылар оның өтінішін бірауыздан қабылдады.
Айта кетері, бұған дейін орталық сайлау комиссиясы шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарын тіркеген болатын.
Жаңалықтар
0