Қоғам

Ұлттық спорт пен киноға бөлінген қыруар қаржы игерілмей қалды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Ұлттық фильмдерді қолдау мен дамытуға ұлттық қордан 3,3 миллиард теңге аударылған
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ұлттық спорт пен киноға дамытуға бөлінетін қаржы мәселесін көтерді.
Бүгінде осы мақсатта ұлттық қордан қыруар қаражат бөлінеді. Бірақ басым бөлігі игерілмей қалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Былтыр ұлттық қордан мақсатты трансферт ретінде біраз ақша бөлінді. Бұның барлығы – стратегиялық мақсаттарға бөлінетін қаржы. Мәселен, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға, шамамен, 1,7 миллиард теңге бөлінген болатын. Осы соманың жартысы игерілмей қалды. Бұл дегеніміз, қыруар қаржы мақсатты түрде бөлінген, бірақ жартысы игерілмеді", - деді Әшімбаев сенаттың жалпы отырысында.

Сол сияқты өткен жылы ұлттық фильмдерді қолдау мен дамытуға ұлттық қордан 3,3 миллиард теңге аударылды.
"Осы ақшаның тек 34 процентін ғана пайдаланған. Сонда ақшаны не үшін бөлген? Ал қаржы бөлгеннен кейін не себепті игермеген? Ондай мысалдар көп сияқты", - деп атап көрсетті сенат спикері.
Әшімбаев кейбір шараларды ұлттық қордан емес, бюджетке түсетін басқа да кіріс көздерінен қаржыландыру қажет деп санайды.
Себебі ұлттық қордың қаржысы онсыз да азайып келеді.
Айта кетері, сенаттың бүгінгі пленарлық отырысында республикалық бюджеткен өзгеріс енгізу мәселесі қаралып жатыр.
Жаңалықтар
0