https://sputnik.kz/20220505/toqaev-konstitutsiya-undeu-24665129.html
Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде үндеу жасайды
Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде үндеу жасайды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T18:15+0500
2022-05-05T18:15+0500
2022-05-05T18:38+0500
қасым-жомарт тоқаев
үндеу
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23574225_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_47f7b9d23c42bcf6fa0db5bb53a04f6e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум өтетінін жариялады.Референдум – елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру. Референдумда мемлекет өмірінің маңызды мәселелері шешіледі. Әдетте онда "иә", "жоқ", "келісемін" немесе "келіспеймін", "қолдаймын" немесе "қолдамаймын" деп жауап беруге болатын сұрақтар қойылады. Референдум бүкіл ел бойынша өтеді.Референдумға қатысатын қазақстандықтар 18 жасқа толған болуы керек.Мына азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ:Сайлау бюллетенінің қандай болатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев шешеді. Референдумға шығарылған мәселе, егер сайлаушылардың 50 пайызынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23574225_205:0:2936:2048_1920x0_80_0_0_9bb91e8b9db08e7c5191c9101ebc8400.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, үндеу
қасым-жомарт тоқаев, үндеу
Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде үндеу жасайды
18:15 05.05.2022 (жаңартылды: 18:38 05.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сағат 20:00-де республикалық телеарналардың эфирінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бейнеүндеу жасайды", - делінген хабарламада.
29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум өтетінін жариялады.
Референдум – елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру. Референдумда мемлекет өмірінің маңызды мәселелері шешіледі. Әдетте онда "иә", "жоқ", "келісемін" немесе "келіспеймін", "қолдаймын" немесе "қолдамаймын" деп жауап беруге болатын сұрақтар қойылады. Референдум бүкіл ел бойынша өтеді.
Референдумға қатысатын қазақстандықтар 18 жасқа толған болуы керек.
Мына азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ:
сот әрекетке қабілетсіз деп таныған;
сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған.
Сайлау бюллетенінің қандай болатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев шешеді. Референдумға шығарылған мәселе, егер сайлаушылардың 50 пайызынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.