Рим папасы Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

© Max RossiПапа Римский Франциск
Папа Римский Франциск - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Рим понтифигі Франциск Украинаға қару-жарақ жеткізу қажеттілігіне қатысты күмәнданып, екі ел арасындағы әскери қақтығыс пен Путиннің реакциясына НАТО-ның арандатушылық іс-әрекеті себеп болуы ықтимал екенін айтты. Рим папасы Corriere della Sera италян газетіне берген сұхбатымен бүкіл батыс әлемін таңғалдырды, деп жазды РИА Новости.
"НАТО-ның Ресей шекарасындағы іс-қимылы Кремльдегі басқарушының осыған сәйкес жауап беруіне түрткі болғанын жоққа шығара алмаймын. Оның ашуына тию әрекеті әдейі жасалды ма, жоқ па, ол жағын білмеймін. Бұл туралы өзім де көп ойлаймын. Алайда ол ашудың шарықтау шегіне жетуіне біреу себеп болды".
Бұл қарамағында 1,2 миллиард діндар бар католиктер әлемінің басшысы аяқ асты Ресейді қолдағанын білдірмейді. Франциск соғысты сынға алып отыр. Ол тіпті Ресей президентін соғысты доғаруға көндіру үшін Мәскеуге келуді көздеп отырғанын айтты. Рим папасы Ресейді сынап отырып, Батысты да сынға алды. Бұл Ресейді оқшаулау ғана емес, оның жеңілісін көздейтін англосаксондардың жоспарына мүлде сай келмейді.
Тарихта алғаш рет АШ билігіндегі үш жоғары қызметтің екеуінде католик отыр – Байден мен өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси. Мәселе олардың қаншалықты діндар және үлгілі католик екенінде емес. Себебі олар барлық кезде папа Францисктің жоғары беделін мойындап келді. Ал енді католик шіркеуінің басшысы Ресейді оқшаулауды қолдап қана қоймай, әскери қақтығысқа қатысты кінәнің бір бөлігін Батыстың өзіне жүктеп жатыр.
"Әйткенмен, Ватикан ұстанымына таңғалатын ештеңе жоқ. Өйткені Ватикан да, папа Франциск та көп уақыттан бері жаһанданудың англосаксондық үлгісін қолдамайды. Католик шіркеуінің өз жаһандық жобасы бар. Ал англосаксон жобасы протестант мессианизмінен әлдеқайда өсіп, француз революциясынан бері католиктерді ығыстырып жатыр. Батыстың әсерінен Ватикан позициясы әлсіреп жатыр. Бұл, әсіресе, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қатты байқалды. Католицизмнің орнына протестантизм емес, діни құндылықтардың барлығын жоққа шығаратын антихристиандық постгуманизм келді", - деп жазды мақала авторы.
Мұхтар Тілеуберді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан мен Украина СІМ басшылары қазіргі геосаяси жағдайды талқылады
Сондықтан Франциск нарықтағы капитализм сәтсіздікке ұшырағанын айтып, біреулердің дәулетін асырып, басқаларды кедейлендіріп жатқан қазіргі жүйенің орнына қарым-қатынастың әділ экономикалық жүйесін әзірлеуді ұсынып жүр. Батыстың өзін үстем етіп, басқа халық пен өркениетті үйретуге және жазалауға құқылы мен деп ойлайтын ұстанымы да Рим папасына аса қатты ұнамайды. Өткен жылдың тамызында Cadena COPE испан радиостанциясына берген сұхбатында Франциск өз ұстанымының дәлелі ретінде Ангела Меркельдің сөзін келтірді:
"Мемлекеттердің тарихи, ұлттық және діни ерекшеліктері мен салт-дәстүрін ескерместен сырттан келген басқа құндылықтарды барлығына бірдей міндеттейтін жауапсыз саясатты және бөтен үлгі бойынша демократия құруға деген талпынысты доғару керек".
Рим папасы неміс канцлерін "әлемдегі ең ұлы саясаткерлердің бірі" деп атап, АҚШ Ауғанстаннан кеткеннен кейінгі оның әлемге қатысты көзқарасын Меркель айна-қатесіз сипаттап тұрғанын мәлімдеді. Бұл дәйексөз расында да жақсы айтылған. Бірақ оны Меркель емес, канцлерді Мәскеуде қабылдаған РФ президенті Владимир Путин айтқан болатын. Ресей көшбасшысы бұл ойын Ауғанстанға ғана қатысты емес, жалпы әлемдегі ахуалға байланысты бірнеше рет айтқан еді.
"Ватикан мен Мәскеудің англосаксондық жаһандануға қатысты ұстанымы өте ұқсас. Оған екі тараптың қатаң диктаторлыққа қарсылығы ғана себеп емес. Сондай-ақ, католиктер мен православтар араларында ғасырлар бойы қалыптасқан қайшылықтарға қарамастан, дәл қазір дәстүрлік құндылықтарды, діни және отбасылық құндылықтарды, адамзаттың әр алуан болуы мен әділдікті жақтайтыны арқылы одақтас болып отыр", - деп жазылған мақалада.
Ғаламшардағы адамзат баласына еркіндік пен демократияның бір ғана үлгісін жүктейтін "жаһандану үлгісіне" қарсылық көрсетуде Ватикан мен Ресей бір тарап болып отыр. Себебі, бұған дейін бір-біріне жаны қас қарсыластар қайшылықты уақытша ысырып қойып, әлемге төнген қауіпті бірге тежеуге мәжбүр.
Жаңалықтар
0