Ресейде ауыр қылмыс жасаған жігіт Қазақстанда ондаған адамды алдап кетті

CC0 / Ashish_Choudhary / Архивтегі
Архивтегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Күдікті пәтерлерді бір күнге жалға алып, басқа адамдарға ұзақ мерзімге беріп жүрген
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Ресей Федерациясында іздеу салынған 25 жастағы ер адам Шымкент қаласында ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұсталған жігіт Ресейде есірткі заттарын заңсыз өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау және сатып алу фактілері үшін айыпталған. Бірақ күдікті ізін жасырып, қашып кеткен. Ал Қазақстанда жай жүрмей, алаяқтықпен айналысқан.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, күдікті пәтерлерді бір күнге жалға алып, басқа адамдарға ұзақ мерзімге беріп жүрген. Ол үшін жалған келісімшарт жасап алған. Оны көрсетіп, бірден барлық ақшаны беруді талап еткен.
"Ал ақшаны алған бойда телефонын өшіріп отырған. Сол үшін бірнеше абонеттік нөмір ұстап жүріпті. Бұдан бөлек, банк реквизиттері де анықталды. Алаяқ ақшаны соған аудартқан. Қазіргі кезде оның 16 адамды алдағаны анықталып отыр", - дейді Әбдірахманов.
Шымкент қаласында ұсталған Ресей азаматы Алматыға жеткізілді. Оны уақытша қамау изоляторына қамады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу шаралары басталды.
"Алданған адамдар одан көп болуы мүмкін. Сондықтан ұсталған күдіктінің фотосын мұқият қарап, оның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды 8 708 707 9202, 8 705 771 1371, 8 705 555 7763, 254 46 12 немесе 254 46 08 телефондарына хабарласуды сұраймыз", - деп атап өтті Әбдірахманов.
Жаңалықтар
0