Референдум туралы заңға түзетулер енгізілді: президент құжатқа қол қойды

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Тоқаев бүгін сағат 20:00-де республикалық телеарналардың эфирінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бейнеүндеу жасайды.
29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум өтетінін жариялады.
Референдум – елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру. Референдумда мемлекет өмірінің маңызды мәселелері шешіледі. Әдетте онда "иә", "жоқ", "келісемін" немесе "келіспеймін", "қолдаймын" немесе "қолдамаймын" деп жауап беруге болатын сұрақтар қойылады. Референдум бүкіл ел бойынша өтеді.
Референдумға қатысатын қазақстандықтар 18 жасқа толған болуы керек.
Мына азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ:
сот әрекетке қабілетсіз деп таныған;
сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған.
Сайлау бюллетенінің қандай болатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев шешеді. Референдумға шығарылған мәселе, егер сайлаушылардың 50 пайызынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Жаңалықтар
0