https://sputnik.kz/20220505/qazaqstan-kiikter-sany-24653130.html
Қазақстанда 9 жыл ішінде киіктердің саны 6 есе өскен
Қазақстанда 9 жыл ішінде киіктердің саны 6 есе өскен
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда киіктің үш популяциясы бар: Бетпақдала, Үстірт және Жайық киіктері 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T11:32+0500
2022-05-05T11:32+0500
2022-05-05T11:32+0500
қоғам
жануарлар әлемі
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. 9 жыл ішінде киіктердің жалпы саны 6 еседен жоғары өсті. Соңғы екі жылда Орал мен Бетпақдала популяцияларында ақбөкендердің саны 2,5 есеге ұлғайды. Мұндай деректі Energyprom.kz сарапшылары ұсынды. Қазақстанда ақбөкендердің үш популяциясы бар: Бетпақдала, Үстірт және Еділ-Жайық (Жайық). 9 жыл ішінде киіктердің жалпы саны 6 еседен астам өсті. 2016 жылдан бастап геометриялық орташа мән ретінде бағаланатын барлық үш популяцияның орташа жылдық өсімі 2016 жылғы табынның бастапқы мөлшерінен шамамен 2,5–2,7 есеге өсті. Әсіресе соңғы екі жылдағы өсім таңғалдырады: киіктердің саны Жайық пен Бетпақдала популяцияларында 2,5 есеге, трансшекаралық миграциясы бар Үстірт популяциясында 2 есеге артты. 2021 жылы жалпы популяция 842 мың басты құрады, оның ішінде Жайықта – 545 мың бас, Бетпақдалада – 285 мың, Үстірт – 12 мың бас.Бұл оң қарқынға қарамастан, елімізде киіктердің жоғалу қаупі әлі де сақталып тұр. 2019-2021 жылдары елімізде қолға түскен браконьерлер саны алдыңғы үш жылмен салыстырғанда 22,2%-ке азайды. Дегенмен, тәркіленген киіктің тұтас еті мен мүйіздердің саны артып жатыр. Мысалы, осы үш жылда тәркіленген мүйіздердің саны 12,5 мыңды құраса, 2016-2018 жылдары 3,7 мың болған. Ал тәркіленген өлі киік саны 945-тен 1498-ге дейін өсті. Екінші қауіп – ресурстар үшін бәсекелестік. Батыс Қазақстан облысында соңғы 15 жылда ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 3 есеге, ал ақбөкендердің саны 30 есеге, яғни 15 мыңнан 545 мыңға дейін өсті. Жануарлардың арасындағы ауру үшінші проблема болуы мүмкін. Өйткені жабайы жануарлардың жоғары тығыздықта мекен етуі эпизоотияны, сонымен қатар ақбөкендер мен үй жануарлары арасында аурудың таралу қаупін арттырады. Мысалы, 1980 жылдан бері киік санының қарқынына жүргізілген анализ кезінде 3,6 жылда бір рет болатын жиілікпен жануарлардың жаппай қырылуының 11 жағдайы тіркелген. Орташа есеппен бүкіл популяцияның 34%-і немесе жалпы санының 18%-і қырылды. Energyprom.kz сарапшылары бұл проблемаларды аң аулауға және тұрақты пайдалануға тыйым салуды алып тастау арқылы жоюға болады деген пікір білдірді. Киіктерді сақтау альянсының есебіне сәйкес, жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенция бойынша бірлесіп жұмыс істейтін ұйымдардың көмегімен Ақбөкенді (Saiga spp) сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалануға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум киіктерді сақтаудың негізгі халықаралық құжаты болып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жануарлар әлемі
Қазақстанда 9 жыл ішінде киіктердің саны 6 есе өскен
Қазақстанда киіктің үш популяциясы бар: Бетпақдала, Үстірт және Жайық киіктері
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. 9 жыл ішінде киіктердің жалпы саны 6 еседен жоғары өсті. Соңғы екі жылда Орал мен Бетпақдала популяцияларында ақбөкендердің саны 2,5 есеге ұлғайды. Мұндай деректі Energyprom.kz сарапшылары ұсынды.
Қазақстанда ақбөкендердің үш популяциясы бар: Бетпақдала, Үстірт және Еділ-Жайық (Жайық).
9 жыл ішінде киіктердің жалпы саны 6 еседен астам өсті. 2016 жылдан бастап геометриялық орташа мән ретінде бағаланатын барлық үш популяцияның орташа жылдық өсімі 2016 жылғы табынның бастапқы мөлшерінен шамамен 2,5–2,7 есеге өсті.
Әсіресе соңғы екі жылдағы өсім таңғалдырады: киіктердің саны Жайық пен Бетпақдала популяцияларында 2,5 есеге, трансшекаралық миграциясы бар Үстірт популяциясында 2 есеге артты.
2021 жылы жалпы популяция 842 мың басты құрады, оның ішінде Жайықта – 545 мың бас, Бетпақдалада – 285 мың, Үстірт – 12 мың бас.
Бұл оң қарқынға қарамастан, елімізде киіктердің жоғалу қаупі әлі де сақталып тұр.
"Біріншіден, бұл браконьерлік әрекеттер. Оны екіге бөліп қарастыруға болады: заңсыз сату мақсатында киік мүйіздерін алуды көздеу және жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін киік етін жеу", - деп жазылған материалда.
2019-2021 жылдары елімізде қолға түскен браконьерлер саны алдыңғы үш жылмен салыстырғанда 22,2%-ке азайды. Дегенмен, тәркіленген киіктің тұтас еті мен мүйіздердің саны артып жатыр. Мысалы, осы үш жылда тәркіленген мүйіздердің саны 12,5 мыңды құраса, 2016-2018 жылдары 3,7 мың болған.
Ал тәркіленген өлі киік саны 945-тен 1498-ге дейін өсті.
Екінші қауіп – ресурстар үшін бәсекелестік. Батыс Қазақстан облысында соңғы 15 жылда ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 3 есеге, ал ақбөкендердің саны 30 есеге, яғни 15 мыңнан 545 мыңға дейін өсті.
Жануарлардың арасындағы ауру үшінші проблема болуы мүмкін. Өйткені жабайы жануарлардың жоғары тығыздықта мекен етуі эпизоотияны, сонымен қатар ақбөкендер мен үй жануарлары арасында аурудың таралу қаупін арттырады.
Мысалы, 1980 жылдан бері киік санының қарқынына жүргізілген анализ кезінде 3,6 жылда бір рет болатын жиілікпен жануарлардың жаппай қырылуының 11 жағдайы тіркелген. Орташа есеппен бүкіл популяцияның 34%-і немесе жалпы санының 18%-і қырылды.
Energyprom.kz сарапшылары бұл проблемаларды аң аулауға және тұрақты пайдалануға тыйым салуды алып тастау арқылы жоюға болады деген пікір білдірді.
Киіктерді сақтау альянсының есебіне сәйкес, жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенция бойынша бірлесіп жұмыс істейтін ұйымдардың көмегімен Ақбөкенді (Saiga spp) сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалануға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум киіктерді сақтаудың негізгі халықаралық құжаты болып отыр.