https://sputnik.kz/20220505/pavlodar-bala-korshi-24650570.html
Павлодарда баланы көршінің иті қауып алды
Павлодарда баланы көршінің иті қауып алды
Sputnik Қазақстан
Ит иесіне айыппұл салынды 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T10:12+0500
2022-05-05T10:12+0500
2022-05-05T10:13+0500
қоғам
павлодар облысы
ит
https://sputnik.kz/img/1078/90/10789005_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_1f1c0d3fab1052125a90a746235c8093.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мая – Sputnik. Аулада ойнап жүрген баланы көршінің иті тістеп алды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бес жастағы бала анасымен бірге аулада болған. Олардың жанында басқа балалар такса тұқымдас итпен ойнап тұрған. Бүлдіршін оларға жақындаған кезде ит оны тістеп алған. Баланың анасы тез арада жедел жәрдем шақырып, болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Иттің қарғыбаусыз және ересектердің бақылауынсыз серуендеуі оқыс оқиғаға алып келген. Ит иесіне Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 407-2 –бабы бойынша 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Полиция ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй, ғимарат иелері иттерді жеке аумақ шегінде және олардың қашып кетуіне жол бермейтін жағдайда ұстауы керек екенін, сыртқа серуендеуге шыққан кезде иттің бар екені туралы ескерту тақтасын өзімен бірге алып жүру керектігі туралы еске салды. Сонымен қатар, ит иелері қоғамдық орындарда оны қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз алып жүрмеуі керек. Жыл басынан бері Павлодар облысында 32 ит иесі жануарларды серуенге алып шығу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1078/90/10789005_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_9e51806e002305c8e282a907875babbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, ит
Павлодарда баланы көршінің иті қауып алды
10:12 05.05.2022 (жаңартылды: 10:13 05.05.2022) Ит иесіне айыппұл салынды
НҰР-СҰЛТАН, 5 мая – Sputnik. Аулада ойнап жүрген баланы көршінің иті тістеп алды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бес жастағы бала анасымен бірге аулада болған. Олардың жанында басқа балалар такса тұқымдас итпен ойнап тұрған. Бүлдіршін оларға жақындаған кезде ит оны тістеп алған.
Баланың анасы тез арада жедел жәрдем шақырып, болған оқиға туралы полицияға хабарлады.
Иттің қарғыбаусыз және ересектердің бақылауынсыз серуендеуі оқыс оқиғаға алып келген. Ит иесіне Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 407-2 –бабы бойынша 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Полиция ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй, ғимарат иелері иттерді жеке аумақ шегінде және олардың қашып кетуіне жол бермейтін жағдайда ұстауы керек екенін, сыртқа серуендеуге шыққан кезде иттің бар екені туралы ескерту тақтасын өзімен бірге алып жүру керектігі туралы еске салды.
Сонымен қатар, ит иелері қоғамдық орындарда оны қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз алып жүрмеуі керек.
Жыл басынан бері Павлодар облысында 32 ит иесі жануарларды серуенге алып шығу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.