Қоғам

Монополист 2,2 миллиард теңгені мемлекетке қайтарды

© Sputnik / Тимур БатыршинГаз
Газ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Компания газ бағасын негізсіз өсірген
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын сатуда басым орынға ие (нарықтағы үлесі 76,9%) "Petrosun" ЖШС қызметіне тексеру жүргізді.
"Осы жағдайды теріс пайдалану және автогаз бағасының шекті деңгейін жасанды түрде қымбаттату фактілері анықталды. Нәтижесінде көрсетілген кезеңдегі жанармай құны тауардың бір тоннасы үшін 323,8%-ке дейін өсті", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 221-бабының екінші бөлігі (монополиялық қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сотқа дейінгі тергеу аясында компания мемлекет бюджетіне 2,2 миллиард теңгені өз еркімен қайтарды.
Прокуратурада хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа мәлімет қазіргі уақытта жария етуге жатпайды.
Жаңалықтар
0