https://sputnik.kz/20220505/konstitutsiya-referendum-toqaev-24668161.html
Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі референдум 5 маусымда өтеді
Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі референдум 5 маусымда өтеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда осы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді, деп... 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T19:44+0500
2022-05-05T19:44+0500
2022-05-05T19:53+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24222944_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_1674421c6da2579fe848f115d121121f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда осы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді, деп хабарлады президент Қасым-Жомарт Тоқаев."Бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойдым. Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жаппай дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдіреді. Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады", - деді президент республикалық мемлекеттік арналардың эфирінде.Референдумда қандай сұрақ қойылады"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?" деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылады.Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді.29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум өтетінін жариялады.Референдум – елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру. Референдумда мемлекет өмірінің маңызды мәселелері шешіледі. Әдетте онда "иә", "жоқ", "келісемін" немесе "келіспеймін", "қолдаймын" немесе "қолдамаймын" деп жауап беруге болатын сұрақтар қойылады. Референдум бүкіл ел бойынша өтеді.Референдумға қатысатын қазақстандықтар 18 жасқа толған болуы керек.Мына азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ:Сайлау бюллетенінің қандай болатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев шешеді. Референдумға шығарылған мәселе, егер сайлаушылардың 50 пайызынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
https://sputnik.kz/20220505/toqaev-qazaqstandyqtar-referendum-24667058.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24222944_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_819c286614abd69875dc0317baf89c8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда осы жылдың 5 маусымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді, деп хабарлады президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойдым. Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жаппай дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдіреді. Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады", - деді президент республикалық мемлекеттік арналардың эфирінде.
Референдумда қандай сұрақ қойылады
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?" деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылады.
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді.
29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум өтетінін жариялады.
Референдум – елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру. Референдумда мемлекет өмірінің маңызды мәселелері шешіледі. Әдетте онда "иә", "жоқ", "келісемін" немесе "келіспеймін", "қолдаймын" немесе "қолдамаймын" деп жауап беруге болатын сұрақтар қойылады. Референдум бүкіл ел бойынша өтеді.
Референдумға қатысатын қазақстандықтар 18 жасқа толған болуы керек.
Мына азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ:
сот әрекетке қабілетсіз деп таныған;
сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған.
Сайлау бюллетенінің қандай болатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев шешеді. Референдумға шығарылған мәселе, егер сайлаушылардың 50 пайызынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.