https://sputnik.kz/20220505/konstitutsiya-nazarbaev-martebe-norma-24647615.html
Конституциядан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады
Конституциядан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады
Sputnik Қазақстан
Тұңғыш президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және Конституцияда жеке бекітуді қажет етпейді, деп санайды Ата заңға түзетулер әзірлеген авторлар 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T08:19+0500
2022-05-05T08:19+0500
2022-05-05T08:19+0500
қоғам
назарбаев
конституциялық кеңес
https://sputnik.kz/img/944/54/9445493_0:0:2001:1125_1920x0_80_0_0_873db95bac5cfaea4a97dc4bbac51dec.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Конституциялық кеңеске тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысты норманы Конституциядан алып тастау туралы қосымша өтініш жолданды. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді.Бұған дейін хабарланғандай, 4 мамырда Конституциялық кеңес Ата заңға енгізілетін түзетулер жобасы бойынша оң қорытынды берді.Қарин бұл ел мен ұлттың болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі екенін атап өтті.Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты орңтайландыруды, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейді.Конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельдің жүйелі трансформациясына бағытталған және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүргізіледі.Бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Конституцияға түзетулер қабылданғаннан кейін, тұңғыш президент туралы конституциялық заңның күші жойылатынын мәлімдеген болатын.Назарбаевтың рөлін Конституцияда мемлекеттің негізін қалаушы ретінде бекіту ұсынылған еді."Конституцияда экс-президенттер туралы норма бар. Бұл норма қалады және елдің тұңғыш президентіне қатысты да қолданылады", – деді Қошанов.Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы президенттер туралы заң аясында мемлекеттік қамсыздандыру, зейнетақы мен ар-абыройын қорғау құқығын алады.Ал тұңғыш президенттің жақын туыстарын қылмыстық жауапқа тартуға болмайды деген норма алынып тасталады, деп мәлімдеді Қошанов.
https://sputnik.kz/20220427/nazarbaev-otbasy-qoshanov-24490775.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/944/54/9445493_158:0:1783:1219_1920x0_80_0_0_ee5dd8076ea6fd69adaef6e070b74748.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, конституциялық кеңес
назарбаев, конституциялық кеңес
Конституциядан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады
Тұңғыш президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және Конституцияда жеке бекітуді қажет етпейді, деп санайды Ата заңға түзетулер әзірлеген авторлар
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Конституциялық кеңеске тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысты норманы Конституциядан алып тастау туралы қосымша өтініш жолданды. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді.
"Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, тұңғыш президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және Конституцияда жеке бекітуді талап етпейді", - деп жазды Қарин өзінің телеграм-каналында.
Бұған дейін хабарланғандай, 4 мамырда Конституциялық кеңес Ата заңға енгізілетін түзетулер жобасы бойынша оң қорытынды берді.
Қарин бұл ел мен ұлттың болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі екенін атап өтті.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты орңтайландыруды, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейді.
Конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельдің жүйелі трансформациясына бағытталған және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүргізіледі.
Бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Конституцияға түзетулер қабылданғаннан кейін, тұңғыш президент туралы конституциялық заңның күші жойылатынын мәлімдеген болатын.
Назарбаевтың рөлін Конституцияда мемлекеттің негізін қалаушы ретінде бекіту ұсынылған еді.
"Конституцияда экс-президенттер туралы норма бар. Бұл норма қалады және елдің тұңғыш президентіне қатысты да қолданылады", – деді Қошанов.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы президенттер туралы заң аясында мемлекеттік қамсыздандыру, зейнетақы мен ар-абыройын қорғау құқығын алады.
Ал тұңғыш президенттің жақын туыстарын қылмыстық жауапқа тартуға болмайды деген норма алынып тасталады, деп мәлімдеді Қошанов.