Қоғам

Төрт ай ішінде 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© SputnikАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан, сондай-ақ Түрікменстан мен Қытайдан келген
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Осы жылдың басынан бері 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
"2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4 502 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 92,4 мың этникалық қазақ оралды", - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,2% басқа елдерден келген.
Этникалық қазақтар, негізінен, Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6,0%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.
1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 23% және зейнеткерлер 13,9%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 10,9%-і – жоғары білімді, 40,7%-і – орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-інің білімі жоқ.
қандастар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Қоғам
Ауғанстаннан 35 қандас Қазақстанға оралды
Жаңалықтар
0