Елордалық дзюдошы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыСабыржан Хапизов (сол жақта) Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Сабыржан Хапизов (сол жақта) Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Бразилияда XXIV Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Оған әлемнің 100 елінен 21 спорт түрінен 3500 спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстан құрамасы 9 спорт түрінен 65 спортшысын аттандырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда атынан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары Сабыржан Хапизов (дзюдо), Владимир Нестеров (теннис), Әлішер Талғатов (жүзу) өнер көрсетеді.
Бүгін ел құрамасының қоржынына елордалық дзюдошы Сабыржан Хапизов қола медаль салды.
"Мен өз жеңісіме өте қуаныштымын, бірінші кезекте үміт артып келген жаттықтырушыма алғыс айтамын. Маған спорт ұнайды және оған уақытымды арнаймын, енді алдағы жарыстарға одан да күшті және сенімді дайындаламын", - деп қуанышымен бөлісті Сабыржан.
Жазғы Сурдлимпиада ойындары 15 мамырға дейін жалғасады, спортшыларымызға табыс пен жеңіс тілейміз.
Жаңалықтар
0