Кейбір адамдар неліктен коронавируспен қатты ауырады

© Sputnik / Тимур БатыршинДәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Ағзаға вирус неғұрлым көп түссе, соғұрлым сырқат ауыр өтеді. Содан кейін тыныс алу жолдарының қорғаныс қабілеті де үлкен рөл атқарады
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Коронавирус инфекциясы адам ағзасына әртүрлі әсер етеді. Біреулерде ешқандай белгісі байқалмайды, енді біреулер сырқатты ауыр қабылдайды. Мұның себебін белгілі пульмонолог-маман, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Константин Гаркалов түсіндіріп берді, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Пульмонолог-дәрігердің айтуынша, респираторлық вирустық инфекцияның адам ағзасына әсер ету деңгейі микроорганизмдердің ғана емес, макроорганизмдерге де көп байланысты. Яғни ағзаға түскен вирустың көлемі қанша, сырқат жұққан кезде адамның иммунитеті, денсаулығы, жалпы жағдайы қандай болды – соның бәрі аурудың әрі қарай дамуына ықпал етеді.
"Ағзадағы аурудың өрбуіне бірнеше фактор әсер етеді. Оның біріншісі – вирустың көлемі. Ағзаға вирус неғұрлым көп түссе, соғұрлым сырқат ауыр өтеді. Содан кейін тыныс алу жолдарының қорғаныс қабілеті де үлкен рөл атқарады. Егер өкпе, тыныс алу жолдары сау болса, сырқат та асқынусыз өтеді. Ал аурушаң, дімкәс ағза вирусты ауыр қабылдайды, - дейді пульмонолог-маман.
Әсіресе қан қысымы жоғары, қант диабеті бар, созылмалы бронхитпен ауыратын адамдарда коронавирус инфекциясы асқынуы мүмкін.
Дәрігер коронавирус инфекциясының белгілері байқала салысымен, бірден медициналық көмекке жүгіну қажеттігін еске салды.
"Асқынудың алдын алу үшін адам уақыт өткізіп жүріп алмай, дереу дәрігерге қаралу керек. Өйткені уақытылы ем жүргізілмесе, вирус асқынып, ағзаны әлсіретіп жіберуі мүмкін. Мерзімінде дұрыс тағайындалған ем-шара – тез сауығудың кепілі", - дейді Константин Анатольевич.
Оның айтуынша, кейде коронавирусқа дейін қабылдаған дәрі-дәрмектің де аурудың қалай өтетініне әсер етіп жататыны бар. Мысалы, вирус жұқтырғанға дейін ұзақ уақыт бойы қанды сұйылтатын дәрі ішіп жүрген адамдарда сырқат көбіне жеңіл өтеді.
Жаңалықтар
0