https://sputnik.kz/20220504/referendum-byulleten-suraq-24635073.html
Конституциялық реформа: референдум бюллетеньдерінде қандай сұрақ болады
Конституциялық реформа: референдум бюллетеньдерінде қандай сұрақ болады
Sputnik Қазақстан
Конституциялық кеңестің қарауына енгізілген заң жобасының нұсқасы өзгеруі мүмкін 04.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-04T13:36+0500
2022-05-04T13:36+0500
2022-05-04T14:07+0500
реформа
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_0:42:3495:2008_1920x0_80_0_0_e9f563984f89e679a087df6c9d7d23eb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов референдум бюллетеньдерінде жазылатын сұраққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осы орайда комиссия мүшесі конституциялық түзетулер туралы заң жобасының Конституциялық кеңестің қарауына енгізілгенін еске салды."Бұл дегеніміз, кеңестің қарауына енгізілген заң жобасының нұсқасы өзгеруі мүмкін. Оны Конституциялық кеңес мүшелері шешеді. Қалай топтайды? Қандай редакция жасалады? Оны ертең жарлық шыққанда бәріміз бірге білеміз", - деп атап өтті Өтемісов.Айта кетейік, жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулерді Конституциялық кеңестің қарауына енгізді. Соның ішінде Ата заңан Елбасы мәртебесін алып тастауға арналған өзгеріс те бар. Бірақ "Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" анықтамасын қалдыру ұсынылып отыр.Тоқаев конституциялық түзетулер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Заң бойынша осы шара 29 мамыр мен 29 шілде аралығында ұйымдастырылуы қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_382:0:3113:2048_1920x0_80_0_0_9d37b1092174ac17ea3283aef3e4ad22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
реформа
Конституциялық реформа: референдум бюллетеньдерінде қандай сұрақ болады
13:36 04.05.2022 (жаңартылды: 14:07 04.05.2022) Конституциялық кеңестің қарауына енгізілген заң жобасының нұсқасы өзгеруі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов референдум бюллетеньдерінде жазылатын сұраққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қолданыстағы референдум туралы заң бойынша нақты сұрақ референдумды өткізу туралы жарлықта көрсетіледі. Оған президент қол қояды. Жарлықта референдум өтетін күн де белгіленеді. Дәл қазір нақты сұрақтың қандай болатынын біз де білмейміз", - деді Өтемісов мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте.
Осы орайда комиссия мүшесі конституциялық түзетулер туралы заң жобасының Конституциялық кеңестің қарауына енгізілгенін еске салды.
"Бұл дегеніміз, кеңестің қарауына енгізілген заң жобасының нұсқасы өзгеруі мүмкін. Оны Конституциялық кеңес мүшелері шешеді. Қалай топтайды? Қандай редакция жасалады? Оны ертең жарлық шыққанда бәріміз бірге білеміз", - деп атап өтті Өтемісов.
Айта кетейік, жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулерді Конституциялық кеңестің қарауына енгізді. Соның ішінде Ата заңан Елбасы мәртебесін алып тастауға арналған өзгеріс те бар. Бірақ "Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" анықтамасын қалдыру ұсынылып отыр.
Тоқаев конституциялық түзетулер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Заң бойынша осы шара 29 мамыр мен 29 шілде аралығында ұйымдастырылуы қажет.