https://sputnik.kz/20220504/qazaqstan-kaspiy-tenizi-internet-24627460.html
Қазақстанға Каспий теңізі арқылы интернет тартылады – министр Мусин
Қазақстанға Каспий теңізі арқылы интернет тартылады – министр Мусин
Sputnik Қазақстан
Әзербайжаннан талшықты-оптикалық желі тарту мәселесі төрт жыл бұрын қарастырылған. Бірақ іске аспай қалды 04.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-04T10:16+0500
2022-05-04T10:16+0500
2022-05-04T10:16+0500
бағдат мусин
интернет
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626116_2:0:2998:1685_1920x0_80_0_0_5cf8dc629ddc2db3d0a897615e8d8de8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Әзербайжаннан интернет желісін тарту жобасы жанданады. Қазіргі кезде келіссөздер басталды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Айбек Паяев санкциялық соғысқа қатысты тағы бір мәселені көтерді.Министр Мусиннің айтуынша, Каспий теңізі арқылы Әзербайжаннан талшықты-оптикалық желі тарту мәселесі төрт жыл бұрын қарастырылған. Бірақ іске аспай қалды."Биыл осы жоба жанданып, іске асырылады деп ойлаймын. Біз қазір Әзербайжанмен келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деп атап өтті Мусин.Бұған дейін Қазақстан тарапынан осы жобаға Транстелеком жауапты болған. Енді Қазақтелеком айналысады. Бірақ мемлекетаралық келісімшартта Транстелеком көрсетілген. Оны басқа құжаттардың негізінде ауыстырады."Біз тез арада осыны жүзеге асырамыз. Себебі бұл, шынымен де, стратегиялық маңызы бар жоба, мемлекет басшысының жеке бақылауында. Біз осы жобаны бір жарым-екі жылдың ішінде жүзеге асырамыз ", - дейді Мусин.Ал депутат Паяев бұл бастаманы ұзаққа созбауды сұрады. Депутаттар қажетті заңдарды жылдам қабылдауға дайын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626116_377:0:2624:1685_1920x0_80_0_0_ad4223517f05bfff1eaf901dabe10a58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бағдат мусин, интернет
Қазақстанға Каспий теңізі арқылы интернет тартылады – министр Мусин
Әзербайжаннан талшықты-оптикалық желі тарту мәселесі төрт жыл бұрын қарастырылған. Бірақ іске аспай қалды
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Әзербайжаннан интернет желісін тарту жобасы жанданады. Қазіргі кезде келіссөздер басталды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Айбек Паяев санкциялық соғысқа қатысты тағы бір мәселені көтерді.
"Егер Ресейден бізге келетін трафик қиындаған жағдайда Әзербайжаннан оптикалық-талшықты желі тартып, интернетті халыққа қолжетімді ете аламыз ба? Сосын оны транзитпен сатып, пайда табу жоспары бар ма? Өйткені өзіңіз білесіз, қазір елімізде интернет қымбат, халыққа қолжетімді емес. Ауылдарды аралаймыз, интернет жоқ! Сіздер интернет бар деп баяндайсыздар, бірақ ол жоқ. Ал Әзербайжаннан трафик тартсақ, көп мәселені шеше аламыз", - деді Паяев.
Министр Мусиннің айтуынша, Каспий теңізі арқылы Әзербайжаннан талшықты-оптикалық желі тарту мәселесі төрт жыл бұрын қарастырылған. Бірақ іске аспай қалды.
"Биыл осы жоба жанданып, іске асырылады деп ойлаймын. Біз қазір Әзербайжанмен келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деп атап өтті Мусин.
Бұған дейін Қазақстан тарапынан осы жобаға Транстелеком жауапты болған. Енді Қазақтелеком айналысады. Бірақ мемлекетаралық келісімшартта Транстелеком көрсетілген. Оны басқа құжаттардың негізінде ауыстырады.
"Біз тез арада осыны жүзеге асырамыз. Себебі бұл, шынымен де, стратегиялық маңызы бар жоба, мемлекет басшысының жеке бақылауында. Біз осы жобаны бір жарым-екі жылдың ішінде жүзеге асырамыз ", - дейді Мусин.
Ал депутат Паяев бұл бастаманы ұзаққа созбауды сұрады. Депутаттар қажетті заңдарды жылдам қабылдауға дайын.