Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қайрат Құдайберген әлі де қамауда отырады

© Sputnik / Владислав ВодневҚайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Коллегия Қайрат Құдайбергеннің адвокатының өтінішін қанағаттандырмады
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша коллегиясы Қайрат Құдайбергеннің адвокатының өтінішін қанағаттандырмады.
Қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген оның ісіне қатысты қаулы шығарылмайынша бір ай көлемінде қамауда болады, деп хабарлады сот коллегиясының баспасөз қызметі.
"Бүгін Алматы қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі коллегиясы Қайрат Құдайбергеннің адвокатының өтінішін қанағаттандырмады, оны қамауға алу туралы санкция өзгеріссіз қалады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық мәслихаттың депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген 21 сәуірден 22 сәуірге қараған түні Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.
Жаңалықтар
0