NIS түлегі Гонконг университетіндегі үздік студенттердің қатарына енді

© Photo : Пресс-служба министерства образования и наукиNIS түлегі Гонконг университетіндегі үздік студенттердің қатарына енді
NIS түлегі Гонконг университетіндегі үздік студенттердің қатарына енді
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Гүлжан Алдан Гонконг политехникалық университетінің үздік студенттерінің бірі атанды.
Алдан университеттің құрылыс ортасы және энергетика департаментінің төртінші курсында оқиды.
Гүлжан Қарағанды ​​қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебін 2018 жылы бітірген. Жақында оқудағы ерекше жетістіктері және университеттің өміріне белсенді қатысқаны үшін оған үздік студент атағы берілді, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрлігі.
"Төртінші курстың басында энергия саласында зерттеу жүргізгім келетінін түсіндім, сондықтан бакалавриаттағы оқуымды аяқтаған соң, PhD in Mechanical Engineering бағдарламасы бойынша оқуымды жалғастырамын. Әрине, үздік студент атағы – мен үшін үлкен жауапкершілік", - деді Гүлжан.
Ол қазақстандық оқушыларға бірер кеңес берді.
"Біріншіден, жақсы оқу керек. Екіншіден, өзіңді басқалармен салыстырып, бірдеңе болмай қалса ренжудің қажеті жоқ. Жұмысты жалғастырып, өзіңе сену керек. Үшіншіден, өзіңнің қолыңнан келмейтіндей көрінетін жерде тер төгіп көру керек", - деп толықтырды студент.
Қарағандылық NIS математика пәнінің мұғалімі Светлана Петерс Гүлжанды бірегей бала деп атады.
"Оның ойлау логикасы мені әрқашан таңғалдырды. Оқуына жауапкершілікпен қарайтын. Қиын тапсырмаларды қорықпастан өз мойнына алды, кейде тіпті қосымша шарттарды ойлап тауып, күрделендіріп отыратын", - дейді ол.
Жаңалықтар
0