Каспий теңізінде итбалық қырылды: экология министрі түсініктеме берді

© PhotoИтбалық
Итбалық - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Жануарлардың өлексесі Қашағаннан 150 шақырым жерден табылған
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Каспий теңізі жағалауынан жүзге тарта өлі итбалық табылған. Өлекселер қатты шіріп кеткендіктен, неден қырылғанын анықтауға бір айдай уақыт қажет. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Каспий жағалауынан 100-ге жуық өлі итбалық табылды. Қатты шіріп кеткендіктен, теріден сынама алу мүмкін болмады. Сарапшылар азуы мен тырнағынан сынама алды. Су жануарларының неден қырылғанын анықтауға шамамен бір ай қажет.
"Қазір көбі итбалықтардың қырылуы мен Солтүстік Каспийде NCOC компаниясы жүргізіп жатқан түпті тереңдету жұмысының арасында қаншалықты байланыс барын сұрап жатыр. Мамандардың сөзіне сенсек, итбалықтар 3-4 ай бұрын, яғни қыста қырылған. Ол кезде мұз болды. Сол себепті өлекселер сақталған. Ал мұз ерігеннен кейін тері астындағы майдың есебінен қалқымалылығын сақтап, дауыл кезінде жағаға шыққан", - деп түсіндірді Брекешев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, өлекселер Қашағаннан 150 шақырым жерден табылған. Ал компания түпті тереңдету жұмыстарын, жоспарға сәйкес, 15 сәуірде бастады.
"Сол себепті бұл оқиғалар бір-бірімен байланысты емес. Оның үстіне жұмыстарды бастамас бұрын компания ғалымдармен бірнеше іс-шара өткізді. Жұмыстар Солтүстік Каспийдің флорасына да, фаунасына да әсер етпейді деген ғылыми негіздемелер болды", - деді министр.
27 сәуірде Каспий теңізінің жағалауынан 22 өлі итбалық табылғаны хабарланды. Су жануарларының жаппай қырылу және қауіп-қатерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды.
Жаңалықтар
0