Картинг орталығының әкімшілігі көз жұмған баланың отбасына көңіл айтты

© Pixabay / Michal JarmolukКартинг
Картинг - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Дүйсенбіде 10 жастағы бала көз жұмған картинг орталығының әкімшілігі марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.
Әкімшілік бұл орталық жұмыс істеген тоғыз жылдағы алғашқы жазатайым жағдай екенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта СТК Sokol басшылығы мен командасы ресми мәлімдеме және мерзімінен бұрын қорытынды жасаудан бас тартады. Біз жергілікті органдар мен халықаралық кеңесшілердің қолдауымен осы жағдайдың мән-жайын анықтауға бар күшімізді саламыз", - деп жазылған "СТК Sokol" ЖШС мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданында картингке барған 10 жасар ұл көз жұмды. Бала көлікпен пластмасса тосқауылды бұзып өтіп, су таситын ГАЗ-53 көлігінің артына соғылған. БАҚ-та бала киген қорғаныш бас киімі өлшемге сай болмағаны жазылды.
Өңір полициясы Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-тармағымен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Іс материалдарында картинг орталығының 41 жастағы басшысы күдікті деп танылды.
Жаңалықтар
0