Депутаттар референдум бюллетеньдерін әзірлеу туралы заң жобасын дайындады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан парламентінің ғимараты
Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Референдум кезінде қолданылатын бюллетеньдер сайлау бюллетеньдерімен біріздендіріледі
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Конституциялық өзгерістерге арналған республикалық референдумның бюллетеньдерін әзірлеу тәртібі арнайы заңмен бекітіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Негізгі мақсат – референдум кезінде қолданылатын бюллетеньдерді сайлау бюллетеньдерімен біріздендіру. Мәжілістің бір топ депутаты заң жобасын әзірледі.
"Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде бюллетеньдерге қойылатын талаптарды регламенттейтін ережені қамтиды. Бұл дауыс беру кезінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды", - дейді депутат Арман Қожахметов.
Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары заң жобасын жұмысқа алып, бүгінгі пленарлық отырыста талқылауды ұсынды. Барлығы бірауыздан қолдады.
ҚР Конституциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Қоғам
Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды
Жаңалықтар
0