Әуежай мен вокзалда тексеруге болмайтын шенеуніктердің тізімі қайта қаралуы мүмкін

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Өскенбаев аталған тізім бұған дейін де болғанын, қазір тек бұйрық ретінде қайта бекітілгенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әуежайлар мен вокзалдарда жоғары лауазымды шенеуніктерді тексермеуге мүмкіндік беретін бұйрық қайта қаралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін индустрия министрі әуежай, вокзал, метрода тексеруге болмайтын жоғары лауазымды шенеуніктердің тізімін бекіткен болатын.
"Қаңтар оқиғасы шенеуніктер мен қарапайым халық арасындағы алшақтық неге әкеп соғатынын көрсетті. Енді неге мемлекеттік қызметшілерге осындай артықшылықтар беріліп отыр?", - деп сұрады журналистер министрден үкімет кулуарында.
Өскенбаев аталған тізім бұған дейін де болғанын, қазір тек бұйрық ретінде қайта бекітілгенін атап өтті.
"Осы мәселеге қатысты көп сұрақ туындап жатыр. Қарастырып көрейік. Шынымен де қоғам талқысына шығарып, қандай лауазымдарды қысқарту, қайсысын қалдыру керек екенін шешу керек шығар. Таяу арада көре жатармыз", - деді Өскенбаев.
Министр жоғары шенділерді әуежайға тексермей кіргізу әлемдік практика екенін атап өтті.
Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тексеріс жүргізілетін көлік инфрақұрылымы нысандары мен тексеруге болмайтын адамдар тізімі туралы бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, тексеріс теміржол және автовокзалдарда, әуежайларда, метрода, Ақтау теңіз сауда портында жүргізіледі. Ал осы нысандарда мына жоғары лауазымды тұлғалар тексермейді: Қазақстан президенті, премьер-министр, сенат пен мәжіліс төрағалары, Ұлттық банк төрағасы, бас прокурор, министрлер және тағы басқалары.
Жаңалықтар
0