Оқиға

Алматы облысында екі бала каналға батып кетті

CC BY-SA 4.0 / wikipedia.org/Carpodacus / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Туыстары суару каналынан 6 жасар ұл мен 8 жасар қыздың денесін алып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Алматы облысында кәмелетке толмаған балалар суару каналына батып кетті.
Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 3 мамыр кешке болған. Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жасар екі бала батып кеткені туралы хабар түсті.
"Құтқарушылар оқиға орнына келгенде туыстары тереңдігі 1,5 метр суару каналынан 2014 жылғы қыз бен 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан. Олар ойнап жүріп суару каналына құлап, батып кетті", - делінген хабарламада.
Қазір Алматы облысының құтқарушылары мен полицейлері трагедияның мән-жайын анықтап жатыр.
Алматы облыстық ТЖД ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Әсіресе су арналары, өзендер мен су қоймаларының маңында тұратын ата-аналар балаларын көзден таса қалдырмай, бақылап жүруі керек.
Төрт жасар бала флягта кептеліп қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Өскеменде төрт жасар бала флягта кептеліп қалды – видео
Жаңалықтар
0