https://sputnik.kz/20220503/toqaev-mazharstanga-saparmen-barady-24612569.html
Тоқаев Мажарстанға сапармен барады
Тоқаев Мажарстанға сапармен барады
Sputnik Қазақстан
Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз елінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта түсуге ниетті екенін жеткізді 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T14:45+0500
2022-05-03T14:45+0500
2022-05-03T14:48+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
мемлекет басшылары
https://sputnik.kz/img/07e6/05/03/24611365_0:7:750:429_1920x0_80_0_0_d2b84c0f51f89d33da521c8b705b578d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрін қабылдады.Ол Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында елордаға келген болатын. Мемлекет басшысы мажарстандық дипломатқа ілтипат білдіріп, премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін басқарушы "ФИДЕС" альянсын жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Тоқаев экономикалық салада мүмкіндік мол екенін ерекше атап өтіп, Будапештпен арадағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз елінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта түсуге ниетті екенін жеткізді. Петер Сийарто Мажарстан басшылығының Қазақстан президентін Будапештке сапармен келуге шақырғанын еске салды.Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін мемлекет басшысы премьер-министр Виктор Орбанның шақыруы бойынша Мажарстанға қарымта сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді.Сонымен қатар кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийарто халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/03/24611365_85:0:665:435_1920x0_80_0_0_f34c62dadc3f5adb0c0a3099e9cd7b67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқаев токаев мажарстан венгрия сапар визит
тоқаев токаев мажарстан венгрия сапар визит
Тоқаев Мажарстанға сапармен барады
14:45 03.05.2022 (жаңартылды: 14:48 03.05.2022) Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз елінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта түсуге ниетті екенін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрін қабылдады.
Ол Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында елордаға келген болатын.
"Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытудың перспективалары талқыланды", - делінген Ақорда сайтында.
Мемлекет басшысы мажарстандық дипломатқа ілтипат білдіріп, премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін басқарушы "ФИДЕС" альянсын жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Тоқаев экономикалық салада мүмкіндік мол екенін ерекше атап өтіп, Будапештпен арадағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.
Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз елінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта түсуге ниетті екенін жеткізді. Петер Сийарто Мажарстан басшылығының Қазақстан президентін Будапештке сапармен келуге шақырғанын еске салды.
Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін мемлекет басшысы премьер-министр Виктор Орбанның шақыруы бойынша Мажарстанға қарымта сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийарто халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.