https://sputnik.kz/20220503/sayazhay-zhylan-24601884.html
Сарапшы саяжайды жыланнан қалай қорғау керектігін айтты
Сарапшы саяжайды жыланнан қалай қорғау керектігін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Саяжай учаскесінде таса жер мен бауырымен жорғалаушыларға арналған қоректің болмауы аумақты жыланнан қорғауға көмектеседі, деп... 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T09:51+0500
2022-05-03T09:51+0500
2022-05-03T09:51+0500
саяжай
жылан
https://sputnik.kz/img/1282/93/12829374_0:192:2048:1344_1920x0_80_0_0_ec6856b7d68625a42a948324e7b4e14c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Саяжай учаскесінде таса жер мен бауырымен жорғалаушыларға арналған қоректің болмауы аумақты жыланнан қорғауға көмектеседі, деп мәлімдеді "Битцевский сад" табиғи аумақ дирекциясының жануарлар әлемін қорғау және есепке алу секторының меңгерушісі Валентин Волков.Сарапшының айтуынша, жыландар тек кеміргіштермен қоректенеді және олар сол қорегі тіршілік ететін аумақты паналайды.Ол жыланның пайда болу қаупін азайту үшін аумаққа тиісті күтім жасаудың да маңызы зор екенін айтты."Жыландар тыныштық пен шұңқыр, қоқыс үйіндісі, қалың шөп, томар ағаш, жиналған тақтай арасы секілді оқшау орындарды жақсы көреді. Сондықтан саяжай аумағын үнемі тазалап тұратындарға жыланнан қорықпауға болады", - деп түсіндірді сарапшы.Оның пікірінше, қазір жыландарды үркітуге арналған арнайы жабдық сатып алу арқылы қорғануға болады. Бұл жабдық жыландарды сескендіретін дыбыстық, вибрациялы немесе ультрадыбысты сәуле шығарады. Ал ол құрылғы адамдарға ешқандай әсер етпейді.Волков жыландарды өлтіруге немесе оларға қарсы түрлі химиялық препарат немесе у қолдануға болмайтынын айтты. Себебі бауырымен жорғалаушылар – экожүйенің маңызды элементі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1282/93/12829374_0:0:2048:1536_1920x0_80_0_0_f059de87b5cae16c6eb1feca3ea31d41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саяжай, жылан
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Саяжай учаскесінде таса жер мен бауырымен жорғалаушыларға арналған қоректің болмауы аумақты жыланнан қорғауға көмектеседі, деп мәлімдеді "Битцевский сад" табиғи аумақ дирекциясының жануарлар әлемін қорғау және есепке алу секторының меңгерушісі Валентин Волков.
Сарапшының айтуынша, жыландар тек кеміргіштермен қоректенеді және олар сол қорегі тіршілік ететін аумақты паналайды.
"Жылан сіздің үйден аулақ жүрсін десеңіз, салдарымен емес, себебімен күресіңіз. Тышқан, алақоржын және егеуқұйрықтан саяжай аумағын тазарту бауырымен жорғалаушылармен күресудің ең тиімді жолы болмақ", - дейді Волков РИА Новостиге берген сұхбатында.
Ол жыланның пайда болу қаупін азайту үшін аумаққа тиісті күтім жасаудың да маңызы зор екенін айтты.
"Жыландар тыныштық пен шұңқыр, қоқыс үйіндісі, қалың шөп, томар ағаш, жиналған тақтай арасы секілді оқшау орындарды жақсы көреді. Сондықтан саяжай аумағын үнемі тазалап тұратындарға жыланнан қорықпауға болады", - деп түсіндірді сарапшы.
Оның пікірінше, қазір жыландарды үркітуге арналған арнайы жабдық сатып алу арқылы қорғануға болады. Бұл жабдық жыландарды сескендіретін дыбыстық, вибрациялы немесе ультрадыбысты сәуле шығарады. Ал ол құрылғы адамдарға ешқандай әсер етпейді.
Волков жыландарды өлтіруге немесе оларға қарсы түрлі химиялық препарат немесе у қолдануға болмайтынын айтты. Себебі бауырымен жорғалаушылар – экожүйенің маңызды элементі.