https://sputnik.kz/20220503/qazaqstanda-inflyatsiya-rekordtyq-dengey-24615288.html
Қазақстанда инфляция рекордтық деңгейге жетіп отыр
Қазақстанда инфляция рекордтық деңгейге жетіп отыр
Sputnik Қазақстан
Наурыз айында инфляция деңгейі 12% болып, 2016 жылғы көрсеткіштен асып түсті. Ал сәуірде азық-түлік, қызмет және тауар бағасының қымбаттауы тағы да жылдамдады 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T16:47+0500
2022-05-03T16:47+0500
2022-05-03T16:47+0500
экономика
қазақстан
инфляция
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2997:1685_1920x0_80_0_0_65119a79be18bad37058f8e0c4849a99.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Сәуірде Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 13,2%-ті, бір айда 2%-ті құрады. Жыл басынан бері инфляция 7,3%.Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл ішінде азық-түлік 17,9%-ке қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1%-ке, ақылы қызметтердің бағасы 8,9%-ке өсті.Былтырғы сәуір айымен салыстырғанда құмшекер, жаңа піскен көкөніс, картоп пен құс етінің бағасы өскені байқалды. Жұмыртқа құны 4,1%-ке төмендеген. Биыл сәуірдегі азық-түлік емес тауар бағасы 2021 жылдың сәуірімен салыстырғанда төмендегідей өсім көрсетті:Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында да тарифтердің өсуі байқалады. Бір жыл ішінде электр энергиясы 10,6%-ке, қоқыс шығару - 7,8%-ке, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ - 3,2%-ке қымбаттады.Бұған дейін Ұлттық Банкінің төрағасы биыл наурызда инфляция деңгейі 12%-ке жеткенін және 2016 жылдан бері рекордтық көрсеткіш екенін хабарлаған болатын.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_4fdba8ee7754f2e1a4888c13f5f5273b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, инфляция
Қазақстанда инфляция рекордтық деңгейге жетіп отыр
Наурыз айында инфляция деңгейі 12% болып, 2016 жылғы көрсеткіштен асып түсті. Ал сәуірде азық-түлік, қызмет және тауар бағасының қымбаттауы тағы да жылдамдады
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Сәуірде Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 13,2%-ті, бір айда 2%-ті құрады. Жыл басынан бері инфляция 7,3%.
Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл ішінде азық-түлік 17,9%-ке қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1%-ке, ақылы қызметтердің бағасы 8,9%-ке өсті.
Былтырғы сәуір айымен салыстырғанда құмшекер, жаңа піскен көкөніс, картоп пен құс етінің бағасы өскені байқалды. Жұмыртқа құны 4,1%-ке төмендеген.
Биыл сәуірдегі азық-түлік емес тауар бағасы 2021 жылдың сәуірімен салыстырғанда төмендегідей өсім көрсетті:
тұрмыстық құралғылар - 18,1%;
жеке пайдалану тауарлары - 15,1%;
құрылыс материалдары - 14,7%;
жуу және тазалауға арналған құралдар - 14,3%;
жиһаз және үй тұрмысындағы заттар - 13%;
фармацевтикалық өнім - 7,6% - ға%;
қоғамдық тамақтану қызметтері - 13,9%;
денсаулық сақтау қызметтері - 11,9%;
шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері - 11%;
қонақүй қызметтері - 5,7%;
жолаушылар көлігі қызметі - 5,4%.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында да тарифтердің өсуі байқалады. Бір жыл ішінде электр энергиясы 10,6%-ке, қоқыс шығару - 7,8%-ке, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ - 3,2%-ке қымбаттады.
Бұған дейін Ұлттық Банкінің төрағасы биыл наурызда инфляция деңгейі 12%-ке жеткенін және 2016 жылдан бері рекордтық көрсеткіш екенін хабарлаған болатын.