Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында 1 миллионнан астам жалған акциз маркасы тәркіленді

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуШлагбаум, архивтегі фото
Шлагбаум, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Қаржы министрлігі кәсіпкерлік субъектілерінің мұндай әрекеттері ЕАЭО-дағы серіктес елдердің бюджетіне зиян келтіретінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. 28 сәуірде Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк көлігінен Беларусьтың 1,1 миллион дана жалған акциз маркасы анықталды.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болуына байланысты бұл іс бойынша материалдар Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді, деп хабарлады қаржы министрлігі.
Сондай-ақ аталған көліктен 2 мыңнан астам декларацияланбаған тауар (бейнебақылау жүйесі, киім-кешек және спорттық құрал-жабдықтар) табылды.
Қаржы министрлігі Қырғызстан тарапынан тасымалданатын жүктерге электронды шот-фактура беру бойынша қол жеткізілген келісімдер экспортталатын тауарларды көлеңкеден шығаруға және соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау шараларын әлсіретуге бағытталғанын атап өтті.
"Сонымен қатар Қырғыз Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қара ниетті қатысушылары қол жеткізілген келісімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасына декларацияланбаған, контрафактілік жүктерді әкелу үшін өздерінің "сұр" схемаларын қолданады", - делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар бақылаудың әлсіреуіне байланысты заң бұзушылықтар айтарлықтай өсті және Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен Ресей Федерациясына өтуге тиіс тау-кен техникасы мен электронды темекілерді әкелу фактілері жиіледі.
Айта кетері, кәсіпкерлік субъектілерінің мұндай әрекеттері ЕАЭО-дағы серіктес елдердің бюджетіне зиян келтіреді, сондықтан бақылау күшейтіледі.
Жаңалықтар
0