https://sputnik.kz/20220503/petropavl-mangilik-polk-sheru-24602686.html
Петропавлда "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге рұқсат берілмеді
Петропавлда "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге рұқсат берілмеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Петропавл қаласының әкімдігі "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T10:22+0500
2022-05-03T10:22+0500
2022-05-03T10:24+0500
"мәңгілік полк"
https://sputnik.kz/img/07e6/05/03/24598029_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_226a0827e29bb3214c6ef5aea440aa97.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Петропавл қаласының әкімдігі "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Мәңгілік полк" жобасының үйлестірушісі Надежда Семенько қалалық әкімдіктен 9 мамырда әдеттегідей Н.Погодин атындағы облыстық драма театрдан Конституция көшесіндегі Даңқ ескерткішіне дейін шеру өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ жергілікті билік шеруді өткізуге рұқсат бермеді. Қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин қол қойған ресми жауапта себебі айтылған.Бұдан бөлек, осы шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылғаны туралы жазылған. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынады.Жергілікті биліктің бұл шешімі кейбір қала тұрғындарына ұнамады. Олар соғыс құрбандарын еске алуды қалайды. Сондықтан шектеуге қарамастан, көшеге шығамыз деп отыр.Бүгін қала әкімдігі тағы түсініктеме таратып, қала тұрғындарының наразылығына жауап берді."Жеңіс күніне арналған шаралар қаланың барлық жерінде өтеді. Ардагерлерге де құрмет көрсетіледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. Ал Жеңіс қаһармандары ұмытылмайды. Ол үшін мектептерде арнайы сынып сағаттары, жастарға арналған патриоттық шаралар мен концерттер өтеді", - дейді әкімдік мамандары.Сондай-ақ жергілікті билік Мәңгілік полк шеруін өткізбеудің нақты себебін де түсіндірді."Биыл "Мәңгілік полк" акциясы "Тенгриньюс" республикалық порталында онлайн-режимде өтеді. Осындай форматта өткізудің негізгі мақсаты – көрші елдердегі геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты арандатушылық әрекеттерге жол бермеу және шараға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - дейді мамандар.Ал Мәңгілік алау немесе Даңқ ескерткішіне жеке-дара немесе отбасымен баруға болады. Туған-туыстардың фотосын да ұстауға болады. Ол жағынан ешқандай шектеу жоқ.Айта кетері, Петропавл қаласында "Мәңгілік полк" шеруі 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Соңғы екі жыл қатарынан пандемияға байланысты акцияға ешкім шыққан жоқ.Ресми мәліметке сәйкес, II Дүниежүзілік соғысқа Петропавлдан 26 мың 838 адам шақырылған. Майданда 3 мың 338 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, 3 мың 704 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Госпитальдарда 1 мың 208 адам қайтыс болды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 15 ардагер тұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/03/24598029_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_e31ef12a20da0799290bc75560786765.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"мәңгілік полк"
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Петропавл қаласының әкімдігі "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мәңгілік полк" жобасының үйлестірушісі Надежда Семенько қалалық әкімдіктен 9 мамырда әдеттегідей Н.Погодин атындағы облыстық драма театрдан Конституция көшесіндегі Даңқ ескерткішіне дейін шеру өткізуге рұқсат сұраған. Бірақ жергілікті билік шеруді өткізуге рұқсат бермеді. Қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин қол қойған ресми жауапта себебі айтылған.
"Бейбіт жиынды өткізу орны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге бөлінген арнайы жерлерге сәйкес келмейді. Осыған байланысты Петропавл қаласының әкімдігі рұқсат бере алмайды", - делінген хатта.
Бұдан бөлек, осы шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылғаны туралы жазылған. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Жергілікті биліктің бұл шешімі кейбір қала тұрғындарына ұнамады. Олар соғыс құрбандарын еске алуды қалайды. Сондықтан шектеуге қарамастан, көшеге шығамыз деп отыр.
Бүгін қала әкімдігі тағы түсініктеме таратып, қала тұрғындарының наразылығына жауап берді.
"Жеңіс күніне арналған шаралар қаланың барлық жерінде өтеді. Ардагерлерге де құрмет көрсетіледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. Ал Жеңіс қаһармандары ұмытылмайды. Ол үшін мектептерде арнайы сынып сағаттары, жастарға арналған патриоттық шаралар мен концерттер өтеді", - дейді әкімдік мамандары.
Сондай-ақ жергілікті билік Мәңгілік полк шеруін өткізбеудің нақты себебін де түсіндірді.
"Биыл "Мәңгілік полк" акциясы "Тенгриньюс" республикалық порталында онлайн-режимде өтеді. Осындай форматта өткізудің негізгі мақсаты – көрші елдердегі геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты арандатушылық әрекеттерге жол бермеу және шараға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - дейді мамандар.
Ал Мәңгілік алау немесе Даңқ ескерткішіне жеке-дара немесе отбасымен баруға болады. Туған-туыстардың фотосын да ұстауға болады. Ол жағынан ешқандай шектеу жоқ.
Айта кетері, Петропавл қаласында "Мәңгілік полк" шеруі 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Соңғы екі жыл қатарынан пандемияға байланысты акцияға ешкім шыққан жоқ.
Ресми мәліметке сәйкес, II Дүниежүзілік соғысқа Петропавлдан 26 мың 838 адам шақырылған. Майданда 3 мың 338 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, 3 мың 704 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Госпитальдарда 1 мың 208 адам қайтыс болды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 15 ардагер тұрады.