Өткен демалыста Нұр-Сұлтанда фонтандар іске қосылды – енді елорданың барлық аумағындағы субұрқақтар қызыл-жасыл шамддардың "ырғағымен" аспанға қарай атылып, жанға жағымды салқын сыйлап тұр. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, осы жылы әкімдік 200-ден астам қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында аулалар, саябақтар, көпір астындағы бос аумақтар бар. Бұған дейін бас қалада 500-ге жуық осындай орынның сәні келтірілген. Көлгінов жыл сайын қаладағы саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған түрлі рекреациялық кеңістік арта түсетінін айтты. Астаналықтар демалыс күндер жиі серуендейтін орындардың қазіргі кейпін суреттер топтамасынан көріңіз.
Қазақстанның бас қаласында күн жылып, ағаштарда жапырақ пайда бола бастады
Өткен демалыста Нұр-Сұлтанда фонтандар іске қосылды – енді елорданың барлық аумағындағы субұрқақтар қызыл-жасыл шамддардың "ырғағымен" аспанға қарай атылып, жанға жағымды салқын сыйлап тұр.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, осы жылы әкімдік 200-ден астам қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында аулалар, саябақтар, көпір астындағы бос аумақтар бар.
Бұған дейін бас қалада 500-ге жуық осындай орынның сәні келтірілген.
Көлгінов жыл сайын қаладағы саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған түрлі рекреациялық кеңістік арта түсетінін айтты.
Астаналықтар демалыс күндер жиі серуендейтін орындардың қазіргі кейпін суреттер топтамасынан көріңіз.
Қазақстанның бас қаласындағы ауа райы тым құбылмалы. Сондықтан серуенді жоспарлау кезінде бой жылыту немесе ыстықтан бас сауғалау үшін музейге баруды да қарастырған жөн.
"Ескі" қаланың орталығындағы жағалау астаналықтар жиі серуендейтін орындардың бірі. Оның үстіне, қазір жағалауға жаяу жүргіншілерге арналған променад пен жергілікті "Арбат" іргелес жатыр.
Велосипедшілерге арналған арнайы жол бөлігі Ботаникалық бақты қоршай төселген. Бұл жолақ салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін велосеруен құруға таптырмас орын.