Найзағай, жел, жаңбыр: синоптиктер 4 мамырдағы ауа райын болжады

© Sputnik / Тимур Батыршинархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Республика бойынша найзағай, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазгидромет 4 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысым аумағының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша найзағай, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20, кей уақытта 25 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай, оңтүстігінде жел 15-20 м/с соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтар
0