Қоғам

Көлік нөмірінің орнына "Асанәлі" деп жазып алған: полиция танымал актерді тоқтатты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Автокөлік салонында Асанәлі Әшімов отырған
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде мемлекеттік нөмірдің орнына ASANALI деген жазу таққан автокөліктің видеосы тарады. Көлік ішінде халық әртісі Асанәлі Әшімов жарымен бірге отырған. Қызылорда облыстық полициясы бейнероликке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде халық әртісі Асанәлі Әшімов мінген автокөліктің видеосы қызу талқыланып жатыр. Көлікке мемлекеттік нөмір орнына ASANALI деген әріптер комбинациясы тағылған. Видеодан нөмірі ерекше көлікті тәртіп сақшылары тоқтатқаны көрінеді. Полицейлер жүргізушінің қасында отырған жолаушымен қол алысып амандасады. Содан кейін автокөліктен Асанәлі Әшімов пен оның жары түседі.
Қызылорда облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, полицейлер мемлекеттік нөмір белгісінің стандартқа сәйкес болмағаны үшін "Cadillac" автокөлігін тоқтатқан.
"Анықталғандай, автокөлік халық әртісі, актер, режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдық мерейтойына арналған деректі фильмді түсіру үшін пайдаланылған", - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Ескертуден кейін автокөлікке тиісті мемлекеттік нөмір бекітілді.
Жаңалықтар
0