https://sputnik.kz/20220503/keden-bas-prokuratura-memleket-165-mlrd-tenge-shygyn-24602951.html
Кедендегі былық: Бас прокуратура мемлекетке 165 млрд теңге шығын келгенін анықтады
Кедендегі былық: Бас прокуратура мемлекетке 165 млрд теңге шығын келгенін анықтады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Бас прокуратурасы президенттің тапсырмасына сәйкес кеден саласында тексеріс жүргізді 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T10:23+0500
2022-05-03T10:23+0500
2022-05-03T10:23+0500
қоғам
кеден бекеті
келтірілген шығын
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_0:157:1600:1057_1920x0_80_0_0_829a9452c5018ccc595b027c5daccab3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның кеден саласында тексерісті жалғастырып жатыр. Нәтижесінде кедендік төлемдерден жалтару және тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталды. Мемлекетке 165 млрд теңге шығын келтірілген.Бас прокуратураның мәліметінше, тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі анықталды.Мысалы, "Group Of The Companies Tda" ЖШС 287 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізген. Аталмыш компанияның директоры қамауға алынды.Сондай-ақ, кеден саласындағы қызметкерлер өз қызметін лайықты орындамаған."Атап айтқанда, 27 қаңтарда "Нұр жолы" кеден бекетінің маманы Мошканов "Берекет Логистик" компаниясына тиесілі декларацияланбаған тауардың салмағын заңсыз азайтып, оны 337 келі деп көрсеткен. Алайда прокурорлар жүкті қайта тексерген кезде декларацияланбаған тауардың салмағы 22 тонна екенін анықтаған. Ол тауарлардың құны 127 миллион теңгені құраған. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелерде мәліметті заңсыз өзгерту салдарынан 9 импорттаушы бюджетке 143 млн теңге шығын келтірген. Бұл іске Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысы бар", - деп хабарлады Бас прокуратура."Нұр жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары прокурорға 50 мың доллар, ал "Cargo Management" операторының өкілі 30 мың доллар пара берген. Алайда прокуратура қызметкері олардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп арнайы шаралар жүргізу кезінде пара бергендердің қылмысын әшкереледі.Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_177:0:1600:1067_1920x0_80_0_0_4a391afaf4489e611e109e11d5cd6922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеден бекеті, келтірілген шығын
кеден бекеті, келтірілген шығын
Кедендегі былық: Бас прокуратура мемлекетке 165 млрд теңге шығын келгенін анықтады
Қазақстанның Бас прокуратурасы президенттің тапсырмасына сәйкес кеден саласында тексеріс жүргізді
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның кеден саласында тексерісті жалғастырып жатыр. Нәтижесінде кедендік төлемдерден жалтару және тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталды. Мемлекетке 165 млрд теңге шығын келтірілген.
Бас прокуратураның мәліметінше, тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі анықталды.
"Уәкілетті экономикалық операторлар кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы үшін соңғы екі жылда 221 миллиард теңгеге жалған счет-фактура жасаған. Тексерістің тек бір айында жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталды", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Мысалы, "Group Of The Companies Tda" ЖШС 287 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізген. Аталмыш компанияның директоры қамауға алынды.
Сондай-ақ, кеден саласындағы қызметкерлер өз қызметін лайықты орындамаған.
"Атап айтқанда, 27 қаңтарда "Нұр жолы" кеден бекетінің маманы Мошканов "Берекет Логистик" компаниясына тиесілі декларацияланбаған тауардың салмағын заңсыз азайтып, оны 337 келі деп көрсеткен. Алайда прокурорлар жүкті қайта тексерген кезде декларацияланбаған тауардың салмағы 22 тонна екенін анықтаған. Ол тауарлардың құны 127 миллион теңгені құраған. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелерде мәліметті заңсыз өзгерту салдарынан 9 импорттаушы бюджетке 143 млн теңге шығын келтірген. Бұл іске Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысы бар", - деп хабарлады Бас прокуратура.
"Нұр жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары прокурорға 50 мың доллар, ал "Cargo Management" операторының өкілі 30 мың доллар пара берген. Алайда прокуратура қызметкері олардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп арнайы шаралар жүргізу кезінде пара бергендердің қылмысын әшкереледі.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.