https://sputnik.kz/20220503/donbas-qazaqstan-bitimgerler-24608262.html
Донбасқа қазақстандық бітімгерлер жіберіле ме – қорғаныс министрлігі жауап берді
Донбасқа қазақстандық бітімгерлер жіберіле ме – қорғаныс министрлігі жауап берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Украинаға бітімгерлерді жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте... 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T12:37+0500
2022-05-03T12:37+0500
2022-05-03T12:37+0500
бітімгершілік
https://sputnik.kz/img/529/71/5297127_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_b614670fa6ef0c758fd5b255a0b0e999.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Украинаға бітімгерлерді жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді."Қазіргі кезде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ па? Егер осы ұйым бітімгерлер қажет деп шешсе, оған қазақстандықтар қатыса ма?", - деп сұрады журналистер.Министрдің орынбасары әскери күшті бітімгерлік мақсатта пайдаланудың өзіндік тәртібі бар екенін жеткізді."Шынымен де, қазіргі геосаяси жағдайда бұл мәселе қоғамды қатты мазалап жатыр. Алайда әскери күшті басқа жерде қолдану шаралары нормативтік актілермен бекітілген. Ал әскерилерді бітімгерлік операцияларда пайдалану тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы негізінде ғана жүргізіледі. Одан кейін мемлекет басшысы парламентке ұсыныс жасайды.Парламент мақұлдаған жағдайда ғана әскерилерді бітімгерлік миссияларға жібереді. Бірақ дәл қазір ондай мәселе қаралып жатқан жоқ", - деді Қамалетдинов.Министр орынбасарының айтуынша, бүгінде бітімгерлік күштер туралы келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/529/71/5297127_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_c1fb37645c90a19068dbba4cc70978a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бітімгершілік
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Украинаға бітімгерлерді жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.
"Қазіргі кезде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ па? Егер осы ұйым бітімгерлер қажет деп шешсе, оған қазақстандықтар қатыса ма?", - деп сұрады журналистер.
Министрдің орынбасары әскери күшті бітімгерлік мақсатта пайдаланудың өзіндік тәртібі бар екенін жеткізді.
"Шынымен де, қазіргі геосаяси жағдайда бұл мәселе қоғамды қатты мазалап жатыр. Алайда әскери күшті басқа жерде қолдану шаралары нормативтік актілермен бекітілген. Ал әскерилерді бітімгерлік операцияларда пайдалану тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы негізінде ғана жүргізіледі. Одан кейін мемлекет басшысы парламентке ұсыныс жасайды.Парламент мақұлдаған жағдайда ғана әскерилерді бітімгерлік миссияларға жібереді. Бірақ дәл қазір ондай мәселе қаралып жатқан жоқ", - деді Қамалетдинов.
Министр орынбасарының айтуынша, бүгінде бітімгерлік күштер туралы келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.