https://sputnik.kz/20220503/batys-qazaqstan-temirzhol-otkeli-kuzetshileri-toqaev-24598713.html
Батыс Қазақстанда теміржол өткелінің күзетшілері Тоқаевтан көмек сұрады
Батыс Қазақстанда теміржол өткелінің күзетшілері Тоқаевтан көмек сұрады
Sputnik Қазақстан
13 мамырдан бастап өңірлік теміржол өткелдерінің қызметкерлерін жұмыстан шығарады 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T08:18+0500
2022-05-03T08:18+0500
2023-08-10T11:51+0500
өңірлер
қасым-жомарт тоқаев
теміржол
күзетші
https://sputnik.kz/img/1069/34/10693464_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_4d243d2002c9522c8c76463233054584.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау ауылының теміржол жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәжіліс спикері, Amanat партиясының басшысы Ерлан Қошановтан проблемаға араласып, жұмыс орындарын сақтауды өтінді.Айтуынша, олар теміржол өткелдерін 2017 жылдан бері күзетеді. Бұл теміржол арқылы Орал – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жылдамдығы жоғары "Тальго" пойызы өтеді."Осы жылдың 13 мамырынан бастап өткел күзетін ұстау тиімсіз болғандықтан, бізді қысқартады. Сізден бұл мәселеге араласуды өтінеміз. Өйткені біздің басшылық мұндай шешім адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатынын түсініп жатқан жоқ. Өткелдегі кезекшілерді жұмыстан шығару арқылы біздің басшылық жолаушыларға қауіп төндіреді. Теміржол өткелдері арқылы күн сайын автокөліктер өтіп, мал айдайды", - дейді теміржолшылар видеода.Бейнеролик бірінші мамыр күні түсірілген. Өңірлік "Мой город" басылымының ақпаратынша, екінші мамырда Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев таңертең олар осы өтінішке қатысты жиын өткізгенін мәлімдеді. Сондай-ақ ҚТЖ басшылығымен және жұмысшыларымен кездесу өткізеді.Оның айтуынша, бұл мәселе әкімдік бақылауында. Оның үстіне, қызметкерлерді қысқартпайды, оларға баламалы жұмыс ұсынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/34/10693464_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_88540bab0480cf662c9f7f3c50814f6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, теміржол, күзетші
қасым-жомарт тоқаев, теміржол, күзетші
Батыс Қазақстанда теміржол өткелінің күзетшілері Тоқаевтан көмек сұрады
08:18 03.05.2022 (жаңартылды: 11:51 10.08.2023) 13 мамырдан бастап өңірлік теміржол өткелдерінің қызметкерлерін жұмыстан шығарады
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау ауылының теміржол жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәжіліс спикері, Amanat партиясының басшысы Ерлан Қошановтан проблемаға араласып, жұмыс орындарын сақтауды өтінді.
Айтуынша, олар теміржол өткелдерін 2017 жылдан бері күзетеді. Бұл теміржол арқылы Орал – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жылдамдығы жоғары "Тальго" пойызы өтеді.
"Осы жылдың 13 мамырынан бастап өткел күзетін ұстау тиімсіз болғандықтан, бізді қысқартады. Сізден бұл мәселеге араласуды өтінеміз. Өйткені біздің басшылық мұндай шешім адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатынын түсініп жатқан жоқ. Өткелдегі кезекшілерді жұмыстан шығару арқылы біздің басшылық жолаушыларға қауіп төндіреді. Теміржол өткелдері арқылы күн сайын автокөліктер өтіп, мал айдайды", - дейді теміржолшылар видеода.
Бейнеролик бірінші мамыр күні түсірілген. Өңірлік
"Мой город" басылымының ақпаратынша, екінші мамырда Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев таңертең олар осы өтінішке қатысты жиын өткізгенін мәлімдеді. Сондай-ақ ҚТЖ басшылығымен және жұмысшыларымен кездесу өткізеді.
Оның айтуынша, бұл мәселе әкімдік бақылауында. Оның үстіне, қызметкерлерді қысқартпайды, оларға баламалы жұмыс ұсынады.