https://sputnik.kz/20220503/askeri-kredittik-kanikul-24619949.html
Сарбаздарға кредиттік каникул берілуі мүмкін
Сарбаздарға кредиттік каникул берілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Мерзімді әскери қызмет тартымдылығын арттыруға байланысты бірқатар бастама пысықталып жатыр 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T20:31+0500
2022-05-03T20:31+0500
2022-05-03T20:31+0500
сарбаз
кредит
https://sputnik.kz/img/113/23/1132355_0:205:2719:1734_1920x0_80_0_0_d36b81d7d431d5be05a8ce4474c33ca0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мерзімді әскери қызмет кезінде әскери қызметшілерге кредиттік каникул, сарбаздардың отбасыларына коммуналдық қызмет төлеміне жеңілдік ұсыну жоспары туралы айтты. "Тегін техникалық кәсіптік білім беру" жобасын жүзеге асыру аясында қорғаныс министрлігі еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық бойынша маман дайындап жатыр. Олардың ішінде дәнекерлеуші, кран жүргізуші, электрик және тағы басқа мамандық иелері бар. Сұлтан Камалетдиновтың айтуынша, жастар әскердегі борышын өтеу кезінде Қарулы күштердің оқу орталықтары мен әскери бөлімдерде қажетті білім мен дағдыны тегін игереді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/23/1132355_0:0:2719:2039_1920x0_80_0_0_69f80c52bdd522d840f20d74b15a2246.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, кредит
Сарбаздарға кредиттік каникул берілуі мүмкін
Мерзімді әскери қызмет тартымдылығын арттыруға байланысты бірқатар бастама пысықталып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мерзімді әскери қызмет кезінде әскери қызметшілерге кредиттік каникул, сарбаздардың отбасыларына коммуналдық қызмет төлеміне жеңілдік ұсыну жоспары туралы айтты.
"Мерзімді әскери қызмет тартымдылығын арттыруға байланысты бірқатар бастама пысықталып жатыр. Негізінен, мерзімді әскери борышты өтеу кезінде әскери қызметшілерге кредиттік каникул, ал сарбаздардың отбасыларына коммуналдық қызмет төлеміне жеңілдік ұсыну, сондай-ақ әскери борышын өтегеннен кейін мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру шаралары қарастырылып жатыр", - деді Сұлтан Камалетдинов.
"Тегін техникалық кәсіптік білім беру" жобасын жүзеге асыру аясында қорғаныс министрлігі еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық бойынша маман дайындап жатыр. Олардың ішінде дәнекерлеуші, кран жүргізуші, электрик және тағы басқа мамандық иелері бар.
Сұлтан Камалетдиновтың айтуынша, жастар әскердегі борышын өтеу кезінде Қарулы күштердің оқу орталықтары мен әскери бөлімдерде қажетті білім мен дағдыны тегін игереді.