Қоғам

Әскердегі бас тәрбиеші сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді

© Министерство обороны Казахстанаархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Департамент бастығы Гвардейск горнизонында болған қайғылы жағдайға да тоқталды
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Бурамбаева сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қарулы күштердің қатарына жыл сайын 35 мың жас сарбаз шақырылады. Барлығының ата-анасы әскерге сенімсіздікпен қарайды деп айта алмаймын. Иә, қайғылы жағдайлар болады, оны жасырмаймын. 70 мыңнан астам адам бар, біз де қоғамның бөлшегіміз", - деді Бурамбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Депаратмент басшысы 70 мың адам бір қаланың халқымен бірдей екенін жеткізді.
"Сол қаланың статистикасын алсақ, қалада да сондай жағдайлар болады ғой. Бірақ айтайын дегенім, әсіресе, ата-аналарға, әскери бөлімдерде барлық жағдай жасалған. Біреу жарақат алса да, қорғаныс министрлігі өзінің тікелей бақылауына алып, тергеу жүргізеді", - деп атап көрсетті Бурамбаев.
Осы орайда департамент бастығы Гвардейск горнизонында болған қайғылы жағдайға да тоқталды.
Оның айтуынша, 18 жастағы Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ.
"Біз бірінші күні бере алатын ақпаратты бердік. Тергеу жүргізіліп жатыр, барлық сараптама жасалды. Біздің тарапымыздан жасыратын ештеңе жоқ. Оқиға болған күні Әлібек Қалбайдың туыстары келіп, әскери бөлімді көріп кетті. Одан екі-үш күн бұрын тағы келіп, сол жердегі сарбаздармен, жерлестерімен сөйлесіп, жалпы тұрмыстарымен танысты. Басқа ақпарат тергеудің соңында жарияланады", - деп атап көрсетті Бурамбаев
Оның сөзіне қарағанда, сарбаздың отбасына жеке құрамның атынан көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, заңмен бекітілген төлемдер бар.
"Заң бойынша отбасына төлемдер қарастырылған. 500 АЕК (1 531 000 теңге) және тасын көтеруге 80 АЕК (245 040 теңге) беріледі", - деді департамент бастығы.
Жаңалықтар
0