Қоғам

Алматыда зейнеткерді аяусыз ұрған ер адам ұсталды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қала прокуроры тергеуді жеке бақылауына алды
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Алатау ауданының полицейлері зейнет жастағы әйелді ұрған ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Аудандық прокуратура ұсынған мәліметке сәйкес, 50 жастағы ер адам өзінің туған анасын аяусыз ұрған. Зейнеткердің жасы – 74-те.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 107-бабының бірнеше тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру, аса қатыгездікпен және бұзақылық ниетпен) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қала прокуроры тергеуді жеке бақылауына алды.
Бұсбұзар полицияға жеткізілді. Прокурорлар оның әрекетін құқықтық баға беріп, процессуалдық шешім қабылдайды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептік көрсеткішке (6 126 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0