https://sputnik.kz/20220503/almaty-oblysy-bala-olimi-karting-ortalygy-direktor-24607744.html
Алматы облысындағы бала өлімі: картинг орталығының директоры күдікті деп танылды
Алматы облысындағы бала өлімі: картинг орталығының директоры күдікті деп танылды
Sputnik Қазақстан
Күдікті төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T12:18+0500
2022-05-03T12:18+0500
2022-05-03T12:18+0500
қоғам
алматы облысы
бала өлімі
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24595440_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_f04cc8db06073c443b70d829b426b632.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 10 жасар бала көз жұмған картинг орталығының директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Өңір полициясы бала өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Іс материалдарында картинг орталығының 41 жастағы басшысы күдікті деп танылған.Қоғамдық резонансты ескеріп, істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу уақытына күдіктіге қатысты "Келуге міндеттеу" процессуалды мәжбүрлеу шарасы таңдалды."Іле ауданында картингдромдағы он жасар жасөспірімнің өлім фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Күдікті төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Еске салсақ, 2 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданында картингке барған 10 жасар ұл көз жұмды. Бала көлікпен пластмасс тосқауылды бұзып өтіп, су таситын ГАЗ-53 көлігінің артына соғылған.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24595440_0:0:1129:847_1920x0_80_0_0_177f3bc9a33c46206cfc5fc3fd89db54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, бала өлімі
алматы облысы, бала өлімі
Алматы облысындағы бала өлімі: картинг орталығының директоры күдікті деп танылды
Күдікті төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 10 жасар бала көз жұмған картинг орталығының директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Өңір полициясы бала өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Іс материалдарында картинг орталығының 41 жастағы басшысы күдікті деп танылған.
Қоғамдық резонансты ескеріп, істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу уақытына күдіктіге қатысты "Келуге міндеттеу" процессуалды мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
"Іле ауданында картингдромдағы он жасар жасөспірімнің өлім фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, 2 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданында картингке барған 10 жасар ұл көз жұмды. Бала көлікпен пластмасс тосқауылды бұзып өтіп, су таситын ГАЗ-53 көлігінің артына соғылған.