Парламентте порно көрген британиялық депутат отставкаға кетті

© AFP 2024 / Daniel LEAL-OLIVASБритания парламентінің ғимараты
Британия парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Британияның халық қалаулысы порнографиялық видеоны екі рет көргенін мойындады: бір рет кездейсоқ, екіншісінде әдейілеп кірген
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Британиялық депутат Нил Пэриш қауымдар палатасының отырысында порнография көріп отырғаны әшкере болған соң отставкаға кетті.
Sky News мәліметінше, депутаттың порно көргенін қасында отырған министр әйелдердің бірі байқап қалған. Екінші рет комитеттегі тыңдау кезінде басқа депутат айыбын ашқан.
Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында Пэриш порнографиялық сайтқа алғаш рет кездейсоқ тап болғанын, содан кейін ол жерге әдейілеп кіргенін мәлімдеді.
"Менің ең үлкен қылмысым – ол жерге екінші рет кіргенім, оны әдейілеп аштым. Дауыс беру үшін күтіп отырдым", - деді депутат.
65 жастағы Нил Пэриш ойыңызда не болды деген сұраққа "бұл бір сәттік естен адасу" деп жауап берді.
Жаңалықтар
0