Нұр-Сұлтанда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуГрек-рим күресі
Грек-рим күресі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Жарысқа Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иранның жас спортшылары қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс аты аңызға айналған балуан, Олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, "Қазақстанның Еңбек Ері" Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне өтеді.
"Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам спортшы, сонымен қатар Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ираннан жас спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр", - деп хабарлады ҰОК.
Спортшылар -55, -60, -63, -67, -72, -77, -82, -87, -97 және 130 килограмм салмақ дәрежесінде күреседі.
Жарыста Халықаралық "Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясының (UWW) талаптары сақталады.
Турнир 3-5 мамыр аралығында Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Жаңалықтар
0