Өңірлер

Маңғыстау облысында шаңды дауылға байланысты жол жабылды – видео

CC0 / pixabay.com / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Төтенше жағдай туындаса, Қазавтожолдың бірыңғай колл-орталығына хабарласуға болады
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" жол учаскесі жабылды.
"Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды. Атап айтқанда: "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге болмайды. Бұл Шетпе-Жетібай учаскесі", -делінген Қазавтожол хабарламасында.
Шектеу бүгін елорда уақытымен 13.30-дан бастап енгізілді.
Штаттан тыс жағдай туындаса, Қазавтожолдың тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі – 1403.
Жаңалықтар
0