Қоғам

Маман болжам жасады: қазақстандықтарды мамыр айында не күтіп тұр

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы нарығындағы тұрақсыздық

Жұлдызнамашының айтуынша, 29 сәуірден бастап Плутон ретроградты қозғалысқа ауысты. Сондықтан айдың 17 мен 20 аралығында туған адамдар Плутонның энергиясына өте сезімтал келеді. Әсіресе, осы күндері дүниеге келген Тоқты, Шаян, Таразыларға абай болу қажет. Ал бұл кезеңде туған Бикеш, Торпақ, Сарышаян, Балықтардың жолы болуы мүмкін.
"30 сәуір мен 16 мамыр аралығында біз тұтылу дәлізіне кіреміз. Осы уақытта болатын оқиғалар келесі жартыжылдыққа ықпал етеді. Тұтылу қаржы өсінде өтетіндіктен, мамырда, әсіресе, айдың екінші жартысында биржада, қаржы нарығында тұрақсыздық байқалады. Ел ішінде наразылық көңіл-күй артады", - деді Әбдірайымова.
Астрологтың болжамынша, 11 мамырдан барлық елдің лидерлері белсенді, ашық әрекетке көшеді және тәуелсіздікке, өз билігін жүргізуге күрес күшейеді. Сондай-ақ әскери басшылықпен дау-жанжал көбейіп, өрт, жарылыс саны артуы мүмкін. Соғыс жағдайында тұрмаған елдерді әскери іс-қимылдарға тарту үшін оларға қарсы агрессия жасалуы мүмкін. Мұндай фактілер айдың үшінші онкүндігінде болжанып отыр.
Маман мамырдың бірінші онкүндігі саяси тұрғыдан қолайлы кезең екенін атап өтті. Айдың басында мемлекет басшылары белсенді іс-қимылға көшеді, халықаралық келісімшарттарға қол қояды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Қоғам
Қазақстанда мамыр айынан бастап не өзгереді

Ай күндеріне болжам

Мамырдың алғашқы онкүндігі айтарлықтай үйлесімді және жемісті болады. Белсенділік, атаққұмарлық, табысқа жетуге деген ұмтылыс артады.
10 мамырдан айдың соңына дейін – ескі достармен кездесу, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, бұрынғы келісімшарттар мен ынтымақтастық шарттарын қайта қарау.
16, 17 мамыр – жолда сақтық танытып, ішімдікке әуес болмаған абзал.
25 мамыр мен 30 мамыр аралығы – көңіл-күй мың құбылып, тіпті қарым-қатынас тоқтауы мүмкін. Сол себепті эмоцияны барынша бақылауда ұстаған дұрыс. Ақшаны оңды-солды шашып, қымбат дүние сатып алмаңыз. Ертесіне өкініп, сан соғып қалуыңыз ғажап емес.
28 мамырдан айдың соңына дейін – күш-қуат, энергия тасып, сенімділік пен табандылық әкеледі. Сондықтан қол күшін қажет ететін жұмысты айдың соңына қалдырған жөн. Сонымен қатар, бұл дау-жанжалдан сақтануға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0