Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қазақстандықтарды 147 млн теңгеге алдап кетті

© Sputnik / Абзал Калиевтиындар
тиындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Жазылу
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін ол 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны қаржы пирамидасын құрып, 5 мың адамды алдағаны үшін сот алдында жауап береді.
Қаржы пирамидасы туралы істі Ақмола облысының прокуратурасы тергеді. Тергеу анықтағандай, заңсыз қызметтің салдарынан жалпы 147 миллион теңгеге шығын келтірілген. Іс Степногорск қалалық сотына жолданды.
"Тергеу анықтағандай, Степногорск тұрғыны әлеуметтік желі арқылы табысты жылдам арттыру жолы туралы ақпарат таратып, 5 мыңнан астам адамды алдап соққан. 147 миллион теңгені иеленіп, ұйымдастырушы телефон қоңырауларына жауап бермей қойған", - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі.
Күдікті 2018 жылы салымшыларды тартуға арналған сегіз инвестициялық бағдарлама құрғаны белгілі болды. Инвесторларды салым сомасына қарай жылдам төлем жасалады деп сендірген.
"Өз компаниясының сенімділігіне сендіру және әлеуетті салымшыларды алдап соғу мақсатында күдікті әлеуметтік желіде өзі және басқа да салымшылар бизнес-класстағы автомобиль сатып алғаны туралы ақпарат таратқан", - деп хабарлады прокуратурада.
Компания қызметкерлері жаңа клиенттерді тартқаны үшін ынталандыру жүйесі қарастырылған. Табысты салым жасауға ниет білдірушілер саны бірнеше мыңға жеткенде, төлемдер тоқтатылған.
2021 жылы қаржы пирамидасын құрған әйел қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 217-бабы – "Қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету" бойынша айып тағылды. Енді ол 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Жаңалықтар
0