Өңірлер

Павлодар тұрғыны селфи жасау үшін қауіпті әрекетке барды

© AFP 2024 / Tolga AkmenПоезд
Поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Жазылу
Павлодарық бойжеткен Жолқұдық теміржол станциясының жанында "электрлі жарақат" алған
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Павлодар тұрғыны жолаушылар пойызының вагонының үстіне шығып, селфи түсірмек болған кезде күйік шалып, ауруханаға түсті.
"18 жастағы бойжеткен денесінің оң жақ бөлігінің күйік шалу жарақаты және травматикалық шок күйде ауруханаға жеткізілді. Ол селфи түсіру үшін вагон төбесіне шыққаны белгілі болды", - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Павлодарық бойжеткен Жолқұдық теміржол станциясының жанында "электрлі жарақат" алған.
Дәрігерлер оған оң аяқтың, дененің оң жақ бөлігінің, оң қолының III-IV деңгейдегі, 50% күйік шалуы және бастың шашты бөлігінің соққы жарақаты, ІІ-ІІІ деңгейдегі травматикалық шок деген диагноз қойды.
Қазір зардап шеккен қыз жан сақтау бөлімінде жатыр.
Жаңалықтар
0