Нумеролог мамырда қандай істен аулақ болу керектігін айтты

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Жазылу
Нумеролог өз артықшылығыңды дәлелдеу бәсекелестіктің өршуіне, кейде әділ емес бәсекелестікке алып келетінін ескертті
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Қазақстандық нумеролог Ирина Кальницкая 2022 жылы келіп түсетіп барлық ақпаратты жіті тексеруге кеңес берді.
Әйтпесе, шешім қабылдау барысында салдары ауыр болатын қателіктерге жол беру қаупі бар.
Ирина Кальницкая мамыр бірқалыпты болмайтынын айтты. Бұл айда ақпаратқа жете мән беріп, олардың барлығын мұқият тексеру маңызды. Олай болмаса, алданып қалып, басқаның қолындағы әділ емес бәсекелестіктің құрбанына айналу қаупі бар.
"Мамырда кім мықты екені белгілі болады. Бұл геосаясаттан бастап көршілер арасындағы текетіреске дейінгі өмірдің барлық саласын қамтиды", - дейді Ирина Кальницкая.
Нумеролог мамырда жаңалықтар легін бақылауды мейлінше азатуға кеңес берді. Оның пікірінше, аса сезімтал адамдар бұл айда ерекше мазасыздық сезінеді. Сондықтан барынша сабырлы әрі салмақты болуға тырысу қажет.
"Бұл айда агрессия вибрациялары бар. Сондықтан әркім өзінің күш-қуатын, мықты екенін дәлелдеуге тура келеді. Қулық әрекетке баратындар соның арқасында өз үстемдіктерін дәлелдей алу қаупі бар. Сол себепті, өтірікке болмысы қарсы, жауапты, ақылды адамдарға біршама ауыр болады", - деп ескертті Кальницкая.
Нумеролог 2022 жылдың мамырында ұзақ мерзімді мәмілелерден аулақ болуға кеңес берді. Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік саудасы секілді шешімдер өкінішке алып келуі мүмкін.
"Жылжымайтын мүлік сатып алудың қажеті жоқ. Мамырда ол өзінің болмысына сай, яғни тұрақтылық сипатында болуы керек. Яғни, біреуден екінші иесіне ауыспауы қажет. Ал егер осы айда машина сатып алсаңыздар, бұл жақсы іс. Себебі ол қозғалыс пен өзгеріс вибрацияларымен байланысты. Жалпы осы уақыт саяхаттауға, оны жоспарлау мен дайындыққа өте қолайлы кезең", - деді нумеролог.
Кальницкаяның пікірінше, әділ бәсекелестік пен дағдыланғандар үшін 2022 жылдың мамырында жақсы табысқа кенелу мүмкіндігі бар. Олар қызметте жоғарылауы да ықтимал. Себебі бұл айда күш-қуаттың еселену белгісі бар.
"Еңбек қабілеті де артады. Көп адам өз жұмысына бұрынғыдан да көп уақыт бөледі. Спорт пен белсенді демалысқа ден қою артады. Өзіне тиісті жүктемені арттыратындар үшін бұл ай сәттілік алып келеді. Жалпы, мамырда спортпен айналусы өте оңтайлы болады", - деді Ирина Кальницкая.
Ол 2022 жылдың мамыры әрбір адамның өміріндегі маңызды өзгерістер уақыты екенін айтты.
"Біреулер үшін шағын, біреулер үшін өте ауқымды өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ бұл өзгерістерден кейін өмір бұрынғыдай болмайды. Ал бұл өзгерістер немен және қай салаға қатысты болатыны туралы қазір нақты айту қиын", - дед нумеролог.
Кальницкая бос уақытты өзін-өзі дамытуға, жаңа білім алуға арнауға кеңес берді. Оның пікірінше, бұл ай адамдардың өзін-өзі жарнамалап, өз мүмкіндіктері туралы ашық бөлісуге таптырмас уақыт.
Нумеролог осы айда көшбасшылықты ер адамдарға беруді ұсынды. Өйткені мамырда ер адамдар шешетін күрделі мәселелер туындауы ықтмал.
Жаңалықтар
0